«Динамо» балалар арасында спорттық шара өткізеді

970Бүгін, 31 мамыр күні «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының стадионында «Динамо» – Қазақстан балалары үшін» акциясы аясында спорттық, ойын-сауықтық шара өтеді. Шара Алматы балалар үйі мен қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ІІД қызметкерлерінің балаларына және алматылық кәмелетке толмаған балалар істері жөніндегі инспекцияда есепте тұрған балаларға арналады.

Мерекелік бағдарламада балалар «Көңілді старт», мини-футбол, скейт-борд пен өзі сырғанайтын құралмен жарыстарға қатысып, әртістердің өнерін тамашалай алады. Балалар ойын қалашықтарында көңіл көтеріп, тас жолға сурет салады. Акцияның басты мақсаты – қоғам назарын спортқа және әлеуметтік жағынан қорғалмаған балаларға аударып, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға атсалысу.

Басталуы: сағ.10.00.

Өтетін орны: «Динамо» ДШСҚ стадионы

Шевченко көшесі, 93 (Наурызбай батыр көшесінің қиылысы)

Байланыс телефоны: 267-46-92.

 КЕРЕК ДЕРЕК

Бүгінгі таңда «Динамо» ДШСҚ-ның Қазақстандағы филиалдарында 3 мыңнан астам бала тәрбиелейтін 155 балалар үйірмесі жұмыс істейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *