ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫНАҚТАН ӨТТІ

300Алматыда Қазақстан мұсыл­мандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малға­жыұлының қа­тыс­уы­мен қалалық дін қыз­меткерлері аттес­тациясының қоры­тынды жиыны өтті.

Аптаның сейсенбісінен басталған сынаққа 18 бен 80 жас аралығын­дағы 118 мешіт қызметкері қатыс­ты. Имам, ұстаз және азаншы,  Қазақ­стан тарихы, ұлттық салт-дәстүр, ҚР Конституциясы, шариғат, Ислам құқы­ғы мен сенімі, Еңбек Кодексі бойынша сынақ тапсырды.

Билет бойынша келетін сұрақтарға ауызша әрі жазбаша жауап беріп, әрқайсысы өз білім деңгейін көрсетті. Бас мүфтидің бастамасымен биыл қолға алынған сынақ алдымен ОҚО-да өткізілген еді. Енді бұл үрдіс Алматы облысында жалғасып, жыл аяғына дейін барлық облыста өткізілетін болады.

301Нұрбек ЕСМАҒАМБЕТ, Алматы қаласының бас имамы:

Біріншіден, 118 имамның білім деңгейі тексерілді. Егер білім деңгейі жоғары болса, оларды ҚМДБ-ның арнайы резервіне қою мәселесі нақтыланады. Егер білім деңгейі төмен болса, мақсат – оларды – имамдарды мешіттен қуу емес, білімін көтеру. Яғни, Діни басқарманың білікті мамандары арқылы білімін жоғарылатуға мүмкіндік беру.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *