Дін туралы заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды    

Әсел ДАҒЖАН                                  

 

Деструктивті діни ағым және діни радикализм сынды ұғымдарға анықтама берілмекші және діни білімді шет елден алудың құқықтық жолдары реттеліп, қоғамдық орындарда бетті бүркеп жүруге тыйым салынбақшы. Діни ұйымдар өздеріне қаржы көзі қайдан түсетіндігіне есеп беруге міндеттелмек.

Бұл жайлы қалалық әкімдікте Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырған «дөңгелек үстел» кезінде белгілі болды. Одан өзге, радикалды идеологияны насихаттайтын роликтер мен сайттардың жұмысын тез арада тоқтататын кибербақылау жүйесі іске қосылмақ.

– Кейбір азаматтар балаларын екпе алуға жібер­мейді. Бұл өте қауіпті. Осы мәселе де заңдық тұрғыдан реттелмек. Өйткені, балалардың денсаулығы, олардың амандығы біз үшін басты назарда, – деді профессор Ақан Бижанов.

Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы кейбір заң актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толық­тырулардың бұл бір парасы ғана. Бір жылдай бұқараның талқылауында болған заң қазір Сенаттың қарауына жіберілген.

Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар неке қию рәсімінің талаптарын күшейтіп, халықтың дін ұстанбайтын тобының да құқықтарын қорғайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің діни ұйымдардың қызметіне араласуына белгілі тыйымдар салынбақ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *