Димекеңнiң батасы дарып, тәуелсiз Қазақстандағы алғашқы мемлекеттiк емес ЖОО-ның бiрiн ашқан заң ғылымдарының докторы, профессор Өмiрәлi Қажыбайұлы Қопабаев жайында Ғылымның қазанында қайнаған Димекеңнiң батасы дарып, тәуелсiз Қазақстандағы алғашқы мемлекеттiк емес ЖОО-ның бiрiн ашқан заң ғылымдарының докторы, профессор Өмiрәлi Қажыбайұлы Қопабаев жайында Ғылымның қазанында қайнаған Димекеңнiң батасы дарып, тәуелсiз Қазақстандағы алғашқы мемлекеттiк емес ЖОО-ның бiрiн ашқан заң ғылымдарының докторы, профессор Өмiрәлi Қажыбайұлы Қопабаев жайында Ғылымның қазанында қайнаған

13-4731-5Мен жас ұстаз Өмiрәлi Қопабаевпен сонау 1973 жылы таныстым. Ол кезде университеттi жаңа тәмәмдаған жас маман С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың әкiмшiлiк құқық кафедрасына аспирантураға қалдырылған болатын. Заң факультетiнiң аталмыш кафедрасының меңгерушiсi, з.ғ.д., профессор Сұлтан Назарұлы Досымбековтың жетекшiлiгiмен 1979 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған жас маман Өмiрәлi Қопабаев бiлiм беру, ғылым ортасына ойланбастан кiрiгiп кеттi.

Өмiрәлi Қопабаевтың ғылымдағы алғашқы жеңiсi, кандидаттық қорғауында ғылыми оппоненттерi өте белгiлi кеңес ғалымдары, мемлекет қайраткерлерi болды. Олар – КСРО Ғылым академиясының мемлекет және құқық институты директорының орынбасары, з.ғ.д., профессор Александр Ефремович Лунев, Қазақ КСР Министрлер кеңесiнiң бөлiм меңгерушiсi Май Кәкiмжанұлы Жекбатыров. өмiрәлi Қажыбайұлы еңбек жолын 1963 жылы Талдықорған облысының Берiктас ауылындағы Фурманов орта мектебiнде математика пәнiнiң мұғалiмдiгiнен бастаған едi. 1963–1966 жылдары аралығында кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтедi.

1976 жылдан 1993 жылға дейiн ҚазМУ конституциялық және әкiмшiлiк құқық кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент болып еңбек сатыларынан өткен өмiрәлi Қопабаев сол кезеңде заң факультетi партия ұйымының хатшысы болды. Мен 1979 жылы жас партия мүшесi ретiнде партбюро тапсырмасымен жарна жинау, басқа да түрлi жұмыстармен айналыстым. Сол кезеңдерде өмiрәлi Қажыбайұлымен бiрге жұмыс iстеп, ол кiсiнiң керемет ұйымдастырушылық қабiлетiне тәнтi болдым.

Қазақстан Тәуелсiздiк алған тұста Ө.Қопабаев Ұлттық университетте ашылған диссертациялық кеңестiң ғылыми хатшысы болып, ғылымның қазанында пiсiп-жетiлдi. Өмiрәлi Қажыбайұлының iскерлiгi мен қоғамдық белсендiлiгi сол кездерi партия, мемлекеттiк ұйымдарының назарын аударып, 1989–93 жылдар аралығында Алматы қалалық кеңесiнiң депутаты болып сайланды.

1993 жылы академик Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың батасымен елiмiзде алғашқы жекеменшiк жоғары оқу орындарының бiрi — Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық институтын құрды. Институт жоғарғы дәрежелi мамандар даярлау мақсатында 1999 жылы университетке айналды. Бүгiнде Қонаев университетi заңгер, экономист, салық мамандары, т.б. мамандықтарды даярлайтын заманауи бiлiм және ғылыми-зерттеу орталығы.

Алқа билер тәжiрибесiне мойынсұнған

Өмiрәлi Қажыбайұлы жекеменшiк оқу орнын ашуға достары мен бiлiм беру саласындағы әрiптестерi кеңес бергенiн еске алады. «Жекеменшiк институт ашу идеясы Мәскеу мемлекеттiк университетiне барып келгеннен соң туды. Осы орайда Мәскеу университетiнiң профессоры, жерлесiмiз Анатолий Анашевич Кененовты айтар едiм» деп еске алады өмiрәлi Қопабаев.

ҚазҰУ-де жұмыс iстеп жүрген өмiрәлi Қажыбайұлына бiр кеште Анатолий Кененов телефон соғып, Мәскеу университетiнде ТМД елдерi заңгерлерiнiң конференциясы өтетiнiн хабарлайды. Конференция тақырыбы жекеменшiк заң оқу орындарын құру туралы екен.

«Мәскеуден оралған соң бiз әрiптестерiмiзбен мемлекеттiк емес оқу орнын ашу, оны қалай атау туралы кеңестiк. Профессор Мұрат Орынханов «Оқу орнын Д.А.Қонаев есiмiмен атайық» деген ұсыныс айтты. Ойлы ұсыныс бәрiмiздiң көңiлiмiзден шықты» деп еске алады өмiрәлi Қажыбайұлы. «Ойға алған iсiмiздiң жетегiнде Шәмшi Сәрсенбинов, Тоқтамыс Беделбаев үшеумiз Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевпен кездестiк. Бiз үлкен кiсiге ЖОО ашқымыз келетiнiн, рұқсат етсе Димекеңнiң есiмiн бергiмiз келетiнiн жеткiздiк. Димаш Ахметұлы бiздi мұқият тыңдап алып, ұсынысымызға келiсiп батасын бердi. Бұл менiң Д.А.Қонаевпен бiрiншi рет кездесуiм едi. Кеңес кезеңiнде ол кiсiмен кездесу мүмкiн емес едi ғой. 80 жастағы абыз өз өмiрi туралы, Қазақстан жайында дерекке толы ұзақ әңгiме айтып бердi. Менi таңқалдырғаны ақсақалдың әр жылдардағы оқиғаларды айтқанда дата, деректерден еш мүдiрмей дәл баяндауы болды. Д.А.Қонаев тың ширек ғасырға жуық билiкте болған тұсында ел экономикасы жетi есеге өскен екен.

Кездесу бiздiң университеттiң ашылу қарсаңында болған едi. Димаш аға өзiнiң екiншi кiтабын жазу үстiнде екен. Жазу үстелi түрлi кiтаптар мен газет қиындылары, материалдарға толы. өкiнiшке қарай көп ұзамай, 1993 жылдың 22 тамызы күнi Димаш Ахметұлы қайтыс болды», — деп еске алады ол.

Бүгiнде Өмiрәлi Қопабаев белгiлi ғалым, ұстаз, қоғам қайраткерi, ҚР жоғарғы мектеп академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Санк-Петербург өнер және ғылым академиясының мүше-корреспондентi, ҚР Президентi жанындағы заң саясаты кеңесiнiң мүшесi. Ол ҚР криминология ассоциациясының президентi, республикалық «Заңгерлер әдiл сайлау үшiн» бiрлестiгiнiң басқарма төрағасы, Алматы облысы және Кербұлақ аудандарының «Құрметтi азаматы». 2005 жылдан республика Президентi сайлауын бақылау комитетiнiң Алматы облысы бойынша кеңесiнiң төрағасы.

ҚР Президентiнiң 2007 жыл 20 ақпандағы №105 өкiмiмен өмiрәлi Қажыбайұлы ҚР Конституциясына қосымшалар мен өзгерiстер енгiзу туралы жұмыс тобына мүше болды. 2000 жылы өмiрәлi Қопабаев «ҚР мемлекеттiк билiктi ұйымдастырудың және атқарудың конституциялықзаңдық негiздерi» тақырыбында докторлық диссертациясын абыроймен қорғап шықты. Диссертацияда ел билiгiнiң үш тармағы, олардың байланысы, БАҚ билiгi талқыланған. Қазақ халқының ертедегi алқа билер тәжiрибесiн қолдану ұсынылған.

Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы

2001–2011 жылдар аралығында өмiрәлi Қажыбайұлы кандидаттық және докторлық диссертациялық кеңестiң төрағасы болды. Ғалымның жетекшiлiгiмен 5 докторлық, 70 кандидаттық диссертация қорғалды. Ө.Қопабаев — 200-ден астам ғылыми мақалалардың, екi тiлде жазылған бiрнеше оқулықтардың авторы. Ғалымның «Шет елдердiң конституциялық құқығы», «Конституционное право зарубежных стран», «Мемлекеттер басшыларының заңды мәртебесi», «Мусульманское право» кiтаптары, «Принцип разделения властей в РК» монографиясы жарық көрдi.

Өмiрәлi Қажыбайұлы ыстық ризашылық ықыласпен профессор-ұстаздарын еске алады. Олар – Юрий Григорьевич Басин, Сұлтан Сартайұлы Сартаев, Мұрат Тәжiмұратұлы Баймаханов, Владимир Иванович Попов, Георгий Федорович Поленов, Станислав Николаевич Савицкий, Көбен Әбжанұлы Әбжанов, Асабай Мамытұлы Мамытов, т.б.

«Мен бiлiм-ғылым саласында бiр нәрсеге қолым жеткен болса, бiрiншi кезекте осы ұстаздардың арқасы», — деп еске алады профессор. «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы» деген осы да.

Бүгiнде Өмiрәлi Қопабаевтың өз шәкiрттерi ҚР түрлi мемлекеттiк қызметтерiнде, атқарушы билiкте, елшiлiктерде еңбек етiп жүр. 40 жылдан астам уақыт профессор Ө.Қопабаев ұстаздық, ғылыми жұмыстардан да қол үзбей келедi. Қазақстан қоғамы профессор Ө.Қопабаевты танымал ғалым, бiлiктi ұстаз, қайраткер, Д.А.Қонаев университетiнiң ректоры ретiнде бiледi.

Еленген еңбек, жалғасқан ұрпақ

Елге жасаған ерен еңбегi үшiн өмiрәлi Қажыбайұлы мемлекеттiк наградалармен марапатталған. «Құрмет», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан полициясына 15 жыл», орден-медальдарымен, Қырғыз мемлекеттiк заң академиясының медалiмен, РФ «Польза, честь и слава» орденiмен, «ҚР ғылымын дамытуға сiңiрген еңбегi», «ҚР бiлiм беру iсiнiң үздiгi» төс белгiлерiмен, ҚР бiлiм министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен, т.б. наградаларымен марапатталған.

Биыл Ө.Қопабаев «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» атағына ие болды.

Өмiрәлi Қажыбайұлы үлгiлi отағасы, үлкен әулеттiң атасы. Жұбайы Қанипа Рахымбекқызының 45 жылға жуық отбасылық өмiрiнде 4 қызға әке, немерелерiне ата болып, ел қызығатындай ғұмыр кешiп отыр.

Болашақ жарымен әскери борышын өтеп келiп, милицияда жұмыс iстеп жүргенде танысқанын еске алады өмiрәлi Қажыбайұлы, – «Мен оны көктемнiң жайдары күнiнде Қарабұлақ ауылында көрдiм. Басында шляпасы, көше қиылысында тұрған бойжеткеннiң кiм екенiн, тұратын жерiн, жұмыс орнын бiлiп алып, қырындауға кiрiсiп кеттiм ғой. Ол бухгалтерлiк курсты бiтiрiп, аудандық атқару комитетiнде жұмыс iстейдi екен. Достасып, бiрге оқуға түсудi ұйғардық. Үйлену мәселесiн оқуға түскен соң шешуге келiстiк. Университеттiң 2-курсында отбасын құрып, 1970 жылы дүниеге тұңғышымыз Айгүл келдi. Кейiн тағы үш қыз дүниеге келдi.

Ө.Қопабаевтың отбасында барлығы заңгерлер. Үлкен қызы Айгүл — заң ғылымдарының кандидаты, Ө.Жолдасбеков атындағы академияның проректоры. Екiншi қызы Назгүл де кандидаттық диссертациясын қорғаған «Самұрық – Қазына – Контрктта» заңгер, үшiншi қызы — Жазира докторлық диссертация қорғаған, әкесiнiң университетiнде проректор. Ең кiшiсi Әлима да әпкелерiнен қалмай, ғылым кандидаты болып, сол университетте қызмет iстеп жүр.

«Қазақы салтпен үлкен қызымыздың ұлы Әлиханды бауырымызға бастық, одан кейiнгi үлкен немере Айдана 17-ге келдi, ең кiшi немеремiз Самия 4 жаста. 15 жасар немеремiз Дархан спортшы, шығыс жекпе-жек өнерiмен айналысады. Жапонияға жарысқа да барып келдi» деп тебiренедi өмiрәлi ата.

2011-12 оқу жылдарын Қонаев университетi Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы, аса көрнектi қайраткер Д.А.Қонаевтың 110 жылдығы аясында өткiздi. Бұл мерейтойларды университет айтарлықтай жетiстiктермен қарсы алды. Жаңа 12 қабаттық оқу-әкiмшiлiк ғимараты пайдалануға берiлдi. Оқу орындары заманауи, жаңа компьютер, құрал-жабдықтармен толықты.

Осындай жұмыстардың басында ғалым, ұстаз, қайраткер өмiрәлi Қажыбайұлы Қопабаев тұр.

Қасым МӘУЛЕНОВ,

заң ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *