«Димаштың тыңдарманы оқуға тиіс шығарма»

Жазушы Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романының тұсаукесері Берклидегі Sіlk Road Hоuse мәдени орталығында өтіп, американдық оқырмандардың қолына тиді. Американдық баспагерлерге бұл кітапты аудармаға ұсынған Ұлттық академиялық кітапхана.

Рая ЕСКЕНДІР

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Жазушының жары, мәдениеттанушы Зира Нау­рызбаеваның айтуынша амери­кандық баспа үйі алдымен 500 дана басып шығарып, сұраныс туындағанда кітап данасын қайта басып шығаратындықтарын айт­қан екен. Американдық оқыр­мандарын Таласбектің «Талтүсі» бей-жай қалдырмаған сыңайлы.

Кітапқа қызығушылық ту­дыру романды ағылшын тіліне аударған Шелли Фэйрвегер Веганың шеберлігіне де байла­нысты. Өйткені, роман­дағы ауыл аттары, күйге қатысты аңыздар, музыкалық термин­дерді ағыл­шын тіліне аударып, оқыр­манның жүрегіне жеткізу оңай шаруа емес. Таласбектің «Тал­түсі» америкалық үздік әдебиет­тердің қатарына қосы­лып отыр.  Дәл қазір амери­кандық әлеу­меттік желілерде қазақ жазу­шысының романына қатысты пікірлер жарияланып жатыр.

Американдықтардың роман­ға қатысты «Димаштың тың­дарманы оқуға тиіс шығарма» деп жазуы да күрделі романға берілген баға болса керек. Ендігі жерде «Талтүс» романы БҰҰ-ның бес тіліне аударылып, әлемді аралайтын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *