Әділет органдарынан әділетті болу талап етіледі

Қазіргі таңда еліміздің әрбір азаматының құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыру әділет органдарының жұмысымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Әділет органдарының алдына қойылатын негізгі міндеттерінің бірі ретінде адамдар мен азаматтардың құқықтық үстемдігі мен бостандығы, ҚР-ның егемендігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманың қалыптастыруына қатысу, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты және ілгерілемелі дамуын заңжобалау жұмыстарын жүргізу, заңнаманы жүйелендіру, талдау, жақсартуды қамтамасыз ету болып саналады.

Аумақтық әділет органдарының негізгі функцияларына мыналар жатады: заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқығын, жергілікті өкілетті және атқарушылық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, құқықтық көмек көрсету және заңды қызмет көрсету мен құқықтық насихаттауды, бағалау қызметі аясында мемлекеттік бағалауды қамтамасыз ету, интеллектуалдық меншік құқығын қорғау аясында іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізу, азаматтық жағдайды көрсететін актілерді жүргізу бойынша аудандық, қалалық бөлімдерінде ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылықты жүргізу, әділет органдарымен жүргізілген ресми құжаттарды апостілеу, ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік құқықтық істер бойынша өндіріс жүргізу. Одан басқа, әділет органдары қызметінің аса маңызды бағыттарының бірі ретінде заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет органдары Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, тұрақты түрде бизнес пен қоғамның өкілдеріне жаңа заңнамаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Біз де осы міндеттер аясында елге, халыққа абыройлы қызмет етіп келеміз.

 

А.МАХАМБЕТОВ,

Алатау аудандық Әділет басқармасының басшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *