Диета ұстау аса қажет емес

Аз қимылдау, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс – адамның жиі аурушаң болуына, тіпті өмірден озуына тікелей себепші болатын жағдай. Алайда, кейбір ережені сақтай білсеңіз, сіздің 90 жасқа жетуіңізге мүмкіндік бар көрінеді.

Әлеуметтік желілерде біздің денсаулығымыз үшін ондаған «көмекшілерді» сынап жатады. Оның ішінде биологиялық белсенді қоспалар да жеткілікті. Бір айтатыны, биологиялық белсенді қоспалардың ғылыми тұрғыдан дәлелі аз, кәдімгі дәрілерден артықшылығы да шамалы делінеді. Олардың кейде кері әсері де болуы әбден мүмкін. Дәстүрлі медицинада «шлак» деген түсінік болмайды. Сондықтан аталмыш детокстардың қандай шлактан арылтатыны да түсінікті бола бермейді. Бұл бір қарағанда сырты түрлі-түсті банкілер, оның құрамында жеміс, су ғана бар.

Дейтұрғанмен де, гастроэнтерологтардың кеңесіне құлақ ассаңыз, асқазан үшін үнемі су ішу пайдалы, әрине, оның өлшемі екі литрден аспасын деп жатады. Әрине, бұл адамның өзін қалай сезінуіне байланысты. Сондай-ақ, кейбір жеміс түрлерінің сізді нағыз супермен жасайды дегені де аңыз іспетті нәрсе. Бұл көбіне маркетологтардың ойлап шығарған, жарнама тәрізді тірліктері болып табылады. Бұл аурудан құтылудың жолы емес. Сондықтан ол суперфудтарды тұтыну үшін сауатты дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн. Сонда не істейміз?

Ең бастысы, дене қимылы. Әрине, спортпен шектен тыс айналысу да қауіпті. Әсіресе, жүрек, буын ауруларына келгенде сақ болу қажет. Күніне мың қадам жасап, таңғы жаттығумен айналысудың пайдасы екі есе зор.

Таяудағы бір зерттеулерге назар аударсақ, нәтижесі былай: кім күніне төрт сағат теледидар көріп, компьютердің алдында отырса, жүрек талмасына ұшырауға өзіне 50 пайыз мүмкіндік жасағаны деп есептеледі екен.

Жаңалыққа құлағымыз түрік жүретіні бар. Күн сайын ағзаны емдеу үшін түрлі тәсілдер, дәрілер ұсынылып жатады. Дейтұрғанмен де, оның бәріне тұра жүгірмей, айтулы мамандармен ақылдасып отырған артық болмайды.

Жарты жыл сайын ағзаңызды толық тексеруден өткізіп отырған жөн. Неге? Жылына бір рет жалпы анализді тапсырып, спортпен айналысып, дұрыс тамақтануды қолға алған дұрыс. Томографиядан, кардиография, рентгеннен тек дәрігердің нұсқауы арқылы өту керек.

Әр жиырма минут сайын қан қысымын өлшеп аласұрудың қажеті жоқ. Айына бір рет тонометрді пайдалансаңыз, сол дұрыс. Артериялық қан қысымы сау адам үшін 120/80-нен аспауы керек. Егер сізді күн сайын жоғары қан қысымы мазаласа, бұл жүрек талмасы, инсультке қауіп зор деген сөз.

Көп жағдайда дұрыс тамақтанудың жолын ұсынып жатамыз. Дұрыс, әрине. Дейтұрғанмен де, ұннан жасалған, тәттілерден үнемі бас тартуға да болмайды. «Мен мұны жемеймін» деу адам ағзасында кері реакция туғызады. Ағзаңыз қажет еткен тағамды жеген дұрыс. Ал тартынып жеу бір басқа.

Қазірде сәнге айналған диеталар – бұл кезекті маркетингтік қулық-сұмдықтар. Сізге қандай диетолог болсын кетодиета ұсынбайды. Ашығу кезінде адамдар әлсіреп, әсіресе, бұлшық еттердің ажырауы кездеседі. Арықтау тек салмақты түсіру емес, оны ұстап тұру. Ал ашығудан соң сіздің салмақ қосуыңыз да тездейді. Бұл белгілі процесс.

Бүгінде сәнге айналған чипсы, шоколодтардың қаптаған түрінен аулақ болыңыз. Оны тұтынған жағдайда жеміс жеуді қолға алыңыз. Мәселен, бәдірен, қызанақты жиі пайдалану пайдалы. Газды судың орнына минералды суды тұтыныңыз. Ең бастысы, өзіңіз сүйіп дайындаған тағамды мөлшерімен жеуге ештеңе жетпейді. Сондықтан диета ұстау да аса қажет болмай қалады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *