ДЕПУТАТТАР ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Кеше қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылдың 9 ай ішінде атқарған қызметінің қорытындыларын тыңдады.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Тексеру комиссиясының төрағасы Мейірзат Қалиев депутаттарға есепті кезеңде қала бойынша мемлекеттік аудиторлық іс-шаралардың 23 объектіде жүргізілгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, Стратегия және бюджет, Мемлекеттік активтер мен Туризм басқармаларында жүргізілді. Сонымен қатар, 17 қоғамдық денсаулық кәсіпорындары, Медеу және Бостандық аудандарының екі әкімшілігінде аудиттік тексерістер өтті.

–       Аудитпен белгіленген қаржылық заңбұзушылықтар анықталып, соның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша 18 млрд. теңге, сондай-ақ 3,3 млн. теңгенің жұмысы қалпына келтіріліп, бюджетке 36 млн. теңге ақшалай қайтарылды. Бұдан басқа, осы нысандарға 165 тапсырма беріліп, бүгінгі күнге оның 67 пайызы орындалды, қалғаны бақылауда, – деді Тексеру комиссиясының төрағасы Мейірзат Қалиев.

Бұдан, өзге, әкімшілік жауапкершілікке лауазымдық және заңды 85 тұлға тартылды. Жалпы, жыл соңына дейін 20 колледж, Білім беру басқармасы, 13 білім беру нысаны, қалалық Мобильділік басқармасы және «Алматыэлектротранс» ЖШС-да аудиторлық іс-шаралар жүргізілмек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close