Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті

 

        

Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамын орындау мақсатында, бекітілген Ереже бойынша, барлық мемлекеттік мекемеде, сонымен бірге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  Алматы қаласы бойынша аумақтық  инспекциясында Әдеп жөніндегі уәкіл функциясы енгізілді. 

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілерге кеңес беретін мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұжымдағы негізгі міндеттерінің бірі – ол әрбір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларын, Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру, сонымен қатар, өздерін толғандырып жүрген сауал бойынша жеке консультациялық көмек көрсету болып табылады. Осыған қоса, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар жүргізеді.  Аталған шаралар, мемлекеттік қызмет атқаруда орын алған әр  түрлі құқықбұзушылықтарды талдау және оларды болдырмаудың алдын алу  бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақталуына бұқаралық ақпарат құралдарында  жарық көрген материалдарды зерделеу және әлеуметтік желілердегі аккаунттарына бақылау жасау түрінде жүргізіледі. Әдеп жөніндегі уәкіл ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында, жыл көлемінде кемінде 2-рет анонимді сауалнама жүргізіп, нәтижесімен ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің ара қатынасына, басшы мен қызметшілердің қарым-қатынасына, қызметшілердің құқығының бұзылуына талдау жасап, ұжымдағы жағдай қалыпты болмаса ұжым басшысына ұсынымдар береді. Сондай-ақ, ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу жағдайлары бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін мекеме ғимаратында Әдеп жөніндегі уәкілдің мәліметтері, қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған.

Әрбір мемлекеттік мекемеде Әдеп жөніндегі уәкіл функциясының енгізілуі, мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуына, ұжымда қалыпты жағдайдың орын алуына, алдағы уақыттарда өз нәтижесін беріп, маңызды роль атқаратындығы белгілі.

Венера СЕЙФОЛДАНОВА,

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық   инспекция басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close