Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

2020 жылғы 23 қазанда Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жұмысқа Кеңестің 7 мүшесі қатысты, оның 4-уі Алматы қаласының қоғам қайраткерлері. Одан бөлек, үш қатысушы – офф-лайн.

Кеңесте Алматы қаласы Алмалы ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы С.Нұрғалиеваға қатысты тәртіптік іс қаралды, ол мемлекеттік қызметші бола отырып, әлеуметтік желілерде әдепке жат сөздер айтуға жол берді.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері өзара талқылауынан кейін Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне Алматы қаласы Алмалы ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы С.Нұрғалиеваға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынысты жіберу туралы шешім қабылдады.
Аталған шешімді қабылдау кезінде Кеңес мүшелері теріс қылықтың мазмұны мен сипатын, өз мәлімдемесінің этикаға жатпайтындығымен келіскен С.Нұрғалиеваның ұстанымын, жағымсыз салдардың болмауын және басқа да мән-жайларды ескерді.
Сонымен қатар, кеңесте Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Ахетовтың ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің нәтижелері тыңдалды.
Кеңес Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Ахетовты Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша онлайн форматта қосымша түсіндіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсынымдар жіберу туралы шешім қабылдады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *