Денсаулық жолындағы ОТЫЗ ЖЫЛ

«Қазақстан» қонақүйінде Жетісу ауданына қарасты №11 емхана ұжымы  өздерінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Отыз деген айтуға аз  болып көрінгенмен, адамның денсаулығы мен өміріне жауапты емдеу мекемелері үшін аз уақыт емес. Алғашқы жылдары терапиялық, балалар және акушерлік-гинекологиялық бөлім негізінде құрылған емхана бүгінде Жетісу ауданындағы ең ірі әрі адамдар көп тіркелген  жұрт қалауындағы емханалардың бірі.

Нұржамал  ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Он бірінші емхана дәрігерлеріне Жетісу ауданына қарасты ықшамау­дандардың 65 мың тұрғыны өз ден­саулықтарын сеніп тапсырған. Емха­нада тұрғындардың денсаулығын жақсартуға қажетті жағдайлар жасал­ған. Отбасылық дәрігер қағидасымен жұмыс істейтін  төрт «Жалпы тәжі­рибедегі дәрігерлер» бөлімі тұрғын­дарға  өмірге келген сәтінен бастап дәрігерлік қызмет көрсетіп, денсаулық­тарын жақсартуға дәнекер болып келеді. Мұнымен қоса, маманданды­рылған бөлім жұмыс істейді. Онда көз дәрігері, отоларинголог, онколог, маммолог, сурдолог, эндокринолог, дерматолог, ревматолог, гастроэн­теролог, пулмонолог және жасөспірім­дер дәрігері жұмыс істейді. Маман­дан­дырылған бөлім тәулігіне  350-ге жуық  адамға  қызмет көрсетіп, олар­дың ауруын анықтап, дер кезінде тиісті  маман дәрігерлерге тексерілу жөнінде ақыл-кеңес беріп, мүмкін­дігінше анықталған аурудың алдын алып, дер кезінде ем-шара  жұмыс­тарын жүргізеді.

– Емхананың ең басты міндеті – аурудың алдын алып, диагнозын  дұрыс қою. Бастапқы ауруды анықтау жұмыстары сапалы жүргізілсе, ден­сау­лықты жақсарту жұмысы да неғұрлым жеңілдеу болады.  Емхана­мызда тұрғындардың денсаулықтарын жақсартуға қажетті жағдайлардың барлығы қарастырылған.  2016 жылы емханаға қосымша ғимарат салынып, қызмет көрсету аясы ұлғайды.  Күн­дізгі бөлім кеңейтілді. Соның нәтиже­сінде, күніне  80 адам  күндізгі стацио­нарлық көмек алу мүмкіндігіне  ие болып отыр. Мамандарымыздың  біліктіліктері  жоғары.  Қызметкерле­ріміздің жетеуі «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атанса, екеуі «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі» төсбелгі­сімен марапатталған,  мамандары­мыз­дың тең  жарымы жоғары білікті маман­дар.  Денсаулық ісін жақсарту сала­сына жасалып жатқан осы игілік­тердің барлығы Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  қамқорлығының  нәтижесі. Биылғы қазан айында  жарияланған  Жолдауында да  Елба­сы­мыз  денсаулық мәселесіне айрық­ша мән беріп, дәрігерлердің де мәртебесін арттыруды, еңбекақысын жақсартуды және оны келер жылдан бастап қолға алуды тапсыруы денсаулық саласы қызметкерлерінің жауапкершіліктерін арттырып отыр. Біздің  еңбегіміз – қоғамның ең басты байлығы адам­дардың дендерінің сау болып, ұзақ өмір сүрулері. Осы мақ­сатта талмай қызмет етіп келе жат­қанымызға 30 жыл болыпты. Айтпақ­шы, сіздердің де газеттеріңіздің ашылғанына  биыл 30 жыл болыпты ғой. Құрдас екенбіз, құтты болсын! – дейді емхананың бас дәрігері әрі Жетісу ауданындағы емдеу мекемеле­рінің жұмысын үйлестіруші,  аудан­ның бас дәрігері Майра Әскербек­қызы Жүнісова. Емхананың    30 жылдық мерейтойына Жетісу ауданы­ның әкімі Мұхтар Тәжібаев, қалалық Денсаулық сақтау басқар­масы басшы­сы­ның орынбасары Жанар  Мадеева және  еңбек ардагері Гүлшара Үрмур­зина, емхананың бұрынғы қызметкер­лері мен еңбек ардагерлері қатысып, емхана ұжымын мерекелерімен құт­тықтады.  Жиын барысында емхана­ның ардагер қыз­меткерлері,   дәрігер­лер мен мейірби­келер мерейтойлық медальмен және аудан әкімдігінің, Денсаулық сақтау басқармасының, «Нұр Отан» пар­тиясының Жетісу аудандық филиалы­ның мақтау грамоталарымен мара­патталды.

Біз де өзімізбен құрдас №11 емха­на ұжымын отыз жылдық  мерейтой­ларымен құттықтаймыз!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *