«Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық форумы өтуде

Қараша айы еліміздің денсаулық сақтау саласы мен халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырудың өзекті мәселелерін кеңінен талқылап, шетелдік әріптестерімен іс-тәжірибе алмасуына қолайлы ай болды десек болады. Осыдан бір апта бұрын Алматы төрінде «Бедеулікті емдеудің қазіргі заманғы әдістері» атты ХІ Халықаралық конгресс өткен болатын. Енді міне, «Денсаулық сақтау ісіндегі инновациялар» Халықаралық форумы өтуде. Форумда ғылыми клиникалық қоғамдастықтың ақпаратымен алмасу, алыс-жақын шетелдік мамандармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және еліміздің медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мен дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Орталық ауруханасының 90 жылдығының аясында өтіп жатқан бұл жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен қатар, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Қала басшысы өз сөзінде форум­ға қатысушылардың жұмы­сына сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасы Іс басқармасына қарасты Орталық аурухана ұжы­мын, осы орталықта қызмет еткен ардагерлерді 90 жылдық мерей­той­ларымен құттықтады. Бақыт­жан Әбдірұлы бұл ауруханада бүгінде отандық медицинаны дамытушы және озық емдеу диагностикалық тәжірибелерді енгізуші үздік дәрігерлердің қызмет ететінін үлкен құрметпен атап өтті. Сонымен қатар, қала басшысы Алматы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек­тің сапасын жақсарту мақса­тында Орталық клиникалық аурухананың ең озық тәжіри­белерін қаламыздағы барлық емдеу мекемелерін таратудың маңыздылығын да айтып өтті. Қазіргі таңда Алматы қала­сындағы денсаулық сақтау саласы да қар­қынды даму үстінде дей келіп, қала бас­шысы алдағы үш жылда дәрігерлеріміздің кәсіби біліктіліктерін арттыруға тұрақты түрде жағдай жасалып, емдеу мекемелерін уақыт талабына сай келетін ауруды алдын-ала анық­тауға мүмкіндік беретін жаңа әрі озық құрал-жабдықтармен қам­та­масыз етуді 90 пайызға жеткізу көзделіп отырғанын, ал оған Алматының толық мүмкіндігі барын жеткізді.

Ресей, АҚШ, Израиль, Жапо­ния, Үндістан, Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттерінен келген дәрігерлер мен ғалымдар жылдам қалыпқа келуді және функционалдық ұзақ өмір сүруді қамта­масыз ететін диагностика мен емдеудің ең жаңа жоғары дәлді әдістері, сәулелік диаг­ностикадағы инновациялық технологиялар, көлік медицина­сына арналған техноло­гияларды дамыту, онкологиядағы дербес­тендірілген диагностика, радиа­ция­ны қауіпсіз қолдану техно­логиясы, емханалық, стационар­лық қызмет, оңалту кезеңдеріне қатысты және басқа да клини­калық-диагностикалық бағыттар жөнінде баяндамалар жасап, іс-тәжірибе алмасып, шеберлік кластары өткізілді.

Форумға қатысушылар ауру­ларды ерте анықтаудың, оларды дер кезінде және сапалы емдеудің науқас­тарды сауықтыру мен оңалтудың қалыптасқан дәстүрлі әрі жауап­ты тәсілі Қазақстан Республи­касы Прези­денті Іс басқармасы­ның медициналық қызметі елі­міздің денсаулық сақтау сала­сында танылған нағыз көшбасшы емдеу орталығы екен­дігін айрық­ша атап өтті. Ал осы орталықтың басшысы А.Цой болса, орта­лықтың новаторлық және про­грессивті жобаларға талпыну, медицина ғылымының және медициналық техникалар­дың озық жетістіктерін пайда­лану, аса күрделі клиникалық-диагнос­тикалық мәселелерді шешу мүм­кіндігі бұл орталықтың өзіне тән ерекше қасиеті деп атап өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *