Денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Алматыдағы қалалық штабтың отырысында Денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдарда бала өлімін азайту, сондай-ақ қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету шаралары талқыланды.

Жиынға қалалық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Жиынға қатысушылар Үйлестіру кеңесі барысында айтылған бірқатар мәселелерді қарастырып, қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

«Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық маңызды көрсеткіштерін мұқият пысықтау қажет. Тек үйлесімді бірлескен іс-қимыл ғана қойылған барлық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Барлық басшыларға медициналық көмек көрсету сапасын қатаң бақылауда ұстау қажет», – деді Ержан Бабақұмаров.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша 29 қазанда Алматыда өткен Кеңесте Президент Қ.-Ж.Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру, Алматы денсаулық сақтау жүйесіндегі істердің жағдайын жақсарту, МӘМС тетіктерін енгізуді ескере отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *