ДЕНСАУЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгінде 10 мыңнан астам алматылық тегін медициналық бақылаудан өтті

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасы 1 тамыздан бастап жылжымалы мобильді кешендерді халық арасына жіберген болатын. Мақсат – халыққа қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Кешендердің барлығы қажетті қондырғылармен толық жабдықталған.
Бүгінде ақ халатты азбал жандар мегаполистің 40-тан астам шет аймақтарында болып, 10 мыңнан астам қалалықтарға тегін медициналық қызмет көрсетіп, кеңестер берді. Жалпы, бақылау кезінде жүрек-қан тамырлары патологиясының кең тарағаны анықталды. Қан қысымының көтерілуі – гипертония 80 пайызды құрайды. Алғаш рет медициналық бақылаудан өткендер арасында «қант диабетіне» шалдыққандар да анықталды.
Медицина қызметкерлері көпшілік арасында міндетті медициналық сақтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *