Дені сау ұрпақ – ұлттың сәтті болашағы

Алматы қаласында 2008 жылы жаңа аумақ – Алатау ауданы құрылғалы да 10 жыл­дың жүзі болыпты. Аудандық қоғам­дық денсаулық сақтау басқармасы осы жылдар ішінде санитарлық-эпидемио­ло­гиялық қызметті ұйымдастыру бағы­тында ауқымды шараларды жүзеге асырды.

Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы құрылған алғашқы жылдардағы ең өзекті мәселе — санитар­лық-қорғау аймағын қалыптастыру еді. Тұрғындар тарапынан арықтар және өзендердің су-қорғау аймақтарындағы  жер телімдерін өз беттерімен иемденуі, заңсыз тұрғын үйлер салуы, жинақталып қалған  күл-қоқыс үйінділері сияқты қалыптасып қалған өзекті мәселелерді шұғыл шешу жұмыстары бірден қолға алынды. Осы орайда аумақта  денсаулық сақтау, мектеп, балабақша нысандарының  жеткіліксіздігі, су және кәріз жүйелерінің жоқтығы да эко­логиялық, санитарлық  тазалық жұмыс­тарына қолбайлау болғаны жасырын емес.

Бүгінгі күні жер телімдерін өз беттері­мен иемдену мен  заңсыз тұрғын үйлер салу тоқтатылды. Аудан Қазақстан Респуб­ликасының қолданыстағы заңдылық актілері аясында тұрақты даму жолына түсті. Осы жылдар бедерінде санитарлық тазалық мәселесі төңірегінде  көлемді жұмыстар атқарылды. Тұрғын үйлер сектор­ларында қатты тұрмыстық қалдық­тарды ыдыссыз шығару туралы ақыл-кеңестер жүргізудің арқасында көшелердің санитарлық жағдайы жақсарды.

Халықтың денсаулығын нығайту мен сақтаудың басты бағыты — медициналық профилактика, яғни сырқаттың  алдын алу болып табылады. Тұрғындардың денсаулы­ғын сақтаудағы негізгі міндет — профи­лактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жасөспірімдер мен ересек тұрғындар арасында инфекциялық аурушаңдықты болдырмау.

Басқарма  құрылған кезде елді-мекен­дердегі заңсыз құрылыстар салу мен әлеуметтік инфрақұрылымдардың төмен дамуына байланысты тұрғындар арасында инфекциялық аурулардың нозологиялық түрлері бойынша  көрсеткіш қалалық­тардан  2—8 есе, оның ішінде қышыма және битшеңдік аурушаңдықтары 3  есеге дейін жоғары еді. Сонымен қатар, аталған аумақтарда емханалық тораптардың жоқ болуы жоғарғы аурушаңдықтың тіркелуіне  өз әсерін тигізбей қоймады.

Қазіргі таңда 19 нозология бойынша тіркелім жоқ, 11 нозология бойынша ауру­шаңдық төмендеді. Мұндай көрсеткіштерге жетуге  эпидемияға қарсы жүйелі профи­лак­тикалық жұмыстардың уақытылы жүргі­зілуі ықпал етті.

Аудан  тұрғындары  арасында санитар­лық біліктілікті арттыру жұмыстары тұрақ­ты жүргізіліп келеді. Телерадио арналары арқылы  баяндама жасау, осы бағытта түрлі акциялар өткізу, баспасөзге мақала­лар және интернет-ресурстарға құлаққа­ғыс хабарландырулар мен ақпараттар жариялау  шаралары өз жемісін беруде.

Жасыратыны жоқ, аудандағы мектептер мен балабақшалардың көпшілігі  1954—1983 жылдары салынуына байланысты  олардың материалдық-техникалық база­лары сын көтермейді, қолданыстағы құқық­тық талап­тарға  сәйкес келмейді. Сон­дықтан бүгінгі күн тәртібінде осы өзекті мәселелерді шешу міндеті тұр. Басқарма маманда­ры бұл өзекті мәселе­лерді  аудан әкімдігіндегі жиын­дарда  жиі көтеріп, білім беру және тәрбиелеу нысан­дарын құқықтық  талап­тарға сәйкестендіру бағытындағы жұмыс­тарға  айрықша үлес қосып келеді. Бұл шаралар тездетіп қолға алынса, мұның өзі   балалар мен жасөспі­рім­дерді тәрбиелеу, оларға білім беру, оқушыларды еңбекке баулу және сала­матты-салауатты  ұрпақ тәрбиелеу бағда­рына  қолайлы жағдай туғызар  еді. Дені сау ұрпақ – ұлттың  сәтті болашағы  болмақ.

Бүгінгі таңда «100 мектеп, 100 ауру­хана» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 мектеп, 12 мемлекеттік балабақша пайда­лануға берілді, 92 жекеменшік балабақ­шалар бар. Бұларда 40 мыңнан астам болашақ  мемлекеттік қызметкерлер, дәрі­гер­лер, кәсіпкерлер тәрбиеленуде.

Бизнесті қолдау бағытында мемлекеттік қызмет көрсету процестерін цифрландыру «бір терезе» қағидасы арқылы қамтамасыз етуілде. Басқарма халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы сала­сында үш тарап бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2017 жылдан бастап қызмет алушылар тарапынан өтініштер тікелей электронды портал арқылы түсіп, көптеген қызмет алушылардың уақытының үнемделуі жеңілдетілді. Өткен жылы 313 қызмет алушы қолданыстағы заңдылық актілер талаптары бойынша нысандарына  сәйкес келетіндігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алды.

Мамандарымыз кәсіпкерлік субъекті­лермен құқықтық заңдылықты сақтау аясындағы жұмыстарды тұрақты  жүргізіп келеді.  Кәсіпкерлік субъектілермен және меке­мелер  өкілдерімен, оның ішінде өнді­рістік базаларда да жүйелі түрде семинар-кеңестер өткізіліп тұрады. Тұрғындардың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында оларға аудандағы сауда орындарынан және базарлардан  сатып алған тамақ өнімдерін жедел зертханалық әдіспен тексеріп беру арқылы тағам өнімдерінің қауіпсіздігі тура­лы тұрақты  акциялар өткізілуде. Барлық мамандарымыз  «Нұр Отан» партиясының мүшелері ретінде  еліміздегі ұлтаралық тату­лықты сақтау мен нығайту, сыбайлас жем­қор­лықпен күресу бағытында да көптеген ауқымды ұйымдастыру-түсіндіру  жұмыста­рын жүргізуде. Олар өздерінің негізгі жұмыстарынан басқа да аудандағы өткізі­летін мерекелік іс-шараларға және конкурс­тарға белсене араласады. Осы орайда басқар­маның екі маманы «Кәсібі бойынша үздік» атты кәсіптік конкурс­тарға қатысып, Алматы қаласы бойынша жеңімпаз атанды. Тағы бір маманымыз  республикалық конкурста «Үздік санитар­лық дәрігер, эпидемиолог» номинациясы бойынша бірінші орын алды.

Басқарма қызметінің мақсаты  — ауданда инфекциялық ошақтарға жол бермеу, жаңа цифрлық технологияларды қолдана отырып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, өндірілетін және сатылатын тағамдардың қауіпсіздік көрсеткішіне қол жеткізу болып табылады. Халықтың денсаулығын қамта­масыз ету – Қазақстанның көркеюіне және әрбір қазақстандықтың саламатты-сала­уатты өмір сүруіне жол ашады. Бұл мақ­сат­тарды кәсіби және жоғары деңгейлі жауап­кершілікпен  жүзеге асыру — Алатау аудан­дық қоғамдық денсаулық сақтау бас­қармасының мамандары  үшін зор мәртебе.

 

В.Сейдуалиев,

Алатау аудандық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

басшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *