Әдемі адамдар жұмыссыз қалмақшы

Жапонның бір компаниясының кадр бөлімі алдағы уақытта сұлу еркектер мен әйелдерді жұмысқа алудан бас тартпақшы. Себебі, олардың тұрмысқа ерте шығып, декреттік демалысқа шығу мүмкін­дігі зор екен.

Айтқандай, жапондық бір компания­ның қызметкері өзінің твиттер-аккаун­тында бұл жағдайды мойындап жазған. Оның айтуынша, оның мекемесінде еркектердің декреттік демалысқа шығуға құқы болса да, кадр бөлімінің қызметкерлері жұмысқа салақтау, қабілетсіз, өмірден өз теңін табуға мүмкіндігі аз адамдарды жұмысқа қабылдауға пейіл екен. Оның бұл пікірі 10 мың адамның қолдауына ие болды. Әрине, бұл жағдай одан әрі созыла берсе, компанияңыздың да ғұмыры ұзаққа бармас.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *