Демалыстың әдетке айналған түрі

Әсия Бағдәулетқызы

(Лондон)

 

Бір ғана қалада үш жүзден астам музей бар. Және ең кереметі, олардың бәрі тегін. Әлемдегі ең атақты Британия Музейі, Ұлттық Галерея, Виктория мен Альберт музейі, Тейт Британия, Тейт Модерн, Эшмола, Шотланд Ұлттық музейі, Йоркшир музейі, Фициуильям музейі… Лондонда ғана емес, басқа қалаларда да, әлемнің ең әйгілі өнер туындылары сақталған алып музейлердің қай-қайсысы да тегін. Арнайы көрмелер болады, басқа елдерден келген жинақтамалар ұсынылуы мүмкін, сол залдар ғана ақылы. Басқасына күніне қанша рет кірем десең де өз еркің. Суретке түсіруге, видео түсіруге тыйым жоқ. Соншама бағалы экспонаттардың бәрі халық үшін қойылған. Ал егер өзіңізді аса жоғары саналы адаммын деп санасаңыз, музейдің дамуы үшін қайырымдылыққа ақша қалдыра аласыз.

 Ұлыбританияда, әрине, тарихқа деген қатынас ерекше. Бұларда жеті жүз жыл бұрын салынған университеттер, сегіз жүз жыл бұрын салынған шіркеулер, жүздеген жылдар бұрын қаланған тас көшелер, ғасыр­лар бұрын соғылған үйлер мен сарай­лар әлі күнге сол қалпында тұр. Әлі күнге адамдар сол университеттерде оқиды, сол көшелермен жүреді, сол шіркеулерге барып сыйынады, сол үйлерде тұрады. Бұларда өз өткенімен ешқандай проблема жоқ, өйт­кені сол тарих бүгінгі шындыққа ұласып кеткен. Ал музей деген тасқа айналған, төрт қабырғаға қамалған тірі тарих қой. Ішіне кіріп барсаңыз, Сокуровтың «Орыс аркасындағыдай» сөйлей жөнеледі.

Ұлыбритания, оның ішінде Лондон, музейлердің жұмағы. Мысалы, 1753 жыл­дан бері жұмыс істеп тұрған Британия музейі экспонатының саны мен келуші­лердің саны бойынша Луврдан кейінгі дүние жүзіндегі екінші музей. Жылына алты миллион адам келетін әлемдегі үшінші музей — Ұлттық Галерея да осында. Алтын­шы музей саналатын Тейт Модерн тұр Темзаның жағасында. Қысқасы, бұл қала­дан Леонардо да Винчиден бастап Энди Уорхоллға дейін өнердің барлық кезеңі мен бағытын табуға болады. Бір ғана қалада үш жүзден астам музей бар.

Және ең кереметі, олардың бәрі тегін. Әлемдегі ең атақты Британия Музейі, Ұлттық Галерея, Виктория мен Альберт музейі, Тейт Британия, Тейт Модерн, Эшмола, Шотланд Ұлттық музейі, Йорк­шир музейі, Фициуильям музейі… Лондон­да ғана емес, басқа қалаларда да, әлемнің ең әйгілі өнер туындылары сақталған алып музейлердің қай-қайсысы да тегін. Арнайы көрмелер болады, басқа елдерден келген жинақтамалар ұсынылуы мүмкін, сол залдар ғана ақылы. Басқасына күніне қанша рет кірем десең де өз еркің. Суретке түсіруге, видео түсіруге тыйым жоқ. Сон­ша­ма бағалы экспонаттардың бәрі халық үшін қойылған. Ал егер өзіңізді аса жоғары саналы адаммын деп санасаңыз, музейдің дамуы үшін қайырымдылыққа ақша қалдыра аласыз.

Екіншіден, постимпериалдық мемле­кет­тердегі музейлердің  бір үлкен артықшы­лығы бар. Онда сіз бір елдің, бір халықтың ғана мәдениеті мен тарихын біліп қой­майсыз. Бүкіл дүние жүзін аралап шық­қан­мен бірдей әсерде қаласыз. Британ музейіне кіре сала, ежелгі грек мүсіндері қойылған ұзын залды жарып өтіп Мысыр залына бұрыласыз. Пирамидаларды көр­гіңіз келсе Мысырға бармаңыз, Британия музейіне тартыңыз. Өйткені, Мысырда олардың қалқиған қабырғалары ғана тұр. Ішіндегі бар байлық, саркофагтар, мумия­ларға дейін осы музейде. Одан әрі Месопо­тамия, сиқырлы Қиыр Шығыс әлеміне тарта­сыз. Жапония, Қытай, Корея, Үндіс­тан, Солтүстік Америка үндістері, Оңтүстік Америка халықтары, Африка елдері… Әлемнің түкпір-түкпірінде халықтар қалай өмір сүргенін, не нәрсеге табынғанын, не нәрседен қорыққанын, неден жақсылық күткенін, олардың үміттері мен сенімдерін біліп шығасыз. Бұл деген қыруар байлық. Дүниені шыр айналып аралап, әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтармен тілдесіп, сырласып, түсінісіп шыққанмен бірдей.

Бұл сіздің әлемді тануыңыздағы келесі бір қадамыңыз. Біз, адамдар, уақыт жылжиды, адам өзгереді дегенімізбен, біздің әрекеттерімізді ата-бабаларымыздың өмір салты, олардың қорқыныштары мен талпыныстары жетелейді.

Үшіншіден, бұл елдің музейлерінің артықшылығы, олар балалар үшін ғажайып мекен. Алматыдағы Қастеев өнер музейінде бала көрмедім. Питердегі Эрмитажда екі әйелді байқадым, жандарында жеті-сегіз жасар екі бала құлдыраңдап жүрді. Залдан залға өтіп, қатар қарап келе жатырмыз. Жар­тысына да жетпей, жаңағы балалар шаршады. Қыңқылдап, «шөлдедім» деді, балмұздақ жегісі келді, «сыртқа шығайық­пен» аяқталды. Сондағы анасын көрсеңіз. «Кө­­ресің де көресің, бәрін аралап біт­пейінше шықпайсың» деп кішкене баланы жұлқылап әкетіп барады. Суретке түсіргісі келді. Әлгі балалар түскім келмейді деп жылады. Анасы оларды жұлқылап әкеліп картинаның алдына тұрғызып, қинап тұрып жымитып қойды. Бұл бала кейін өз еркімен музейге келмейтіні анық. Тура бір күннен кейін, Мәскеудегі Третьяков галереясында жүрдік. Мұнда қызығырақ. Шишкин, Куприн. Әсіресе, Васнецов. Мынау аққу пат­шайым, мынау… апасы немересімен теңе­­сіп отыра кетіп, сыбырлап қана таныс­тырып, ертегісін қатар айтып жүр. Бұл балада музей аралауға деген ерекше, бәлкім тіпті сиқырлы тәжірибе ретінде естелік қалатыны сөзсіз.

Ұлыбританияда қай музейге барсаңыз да, бұл балаларды қызықтыру үшін жасал­ған орын екенін көресіз. Шотланд ұлттық му­зейіне кіріп келгенде, хаппилонға кіргендей әсерде қаласыз. Төбеңізден төніп динозаврдың, зілдің қаңқасы тұр, ал оның жанында балалар құмнан сарай тұрғызып ойнап отыр. Манчестердегі музейде қаты­рылған сирек жануарлар ортасында бала­лар­дың ермексазбен жұмыс жасауына жасақ­талған орындықтар орнатылған. Ұлттық галереяның дәлізіне сол музейде отырып жұмыс істеген балалардың шығар­малары ілінген. Ашмолеан музейінің Қиыр шығыс залында ата-аналар мен балалар топтарға бөлініп, еденге төселген ватман­дарға сурет салып жарысып жатыр. Тейт Британия музейінде залдарда ватмандар мен орындықтар, фломастерлер қойылған. Кішкентай балалар (үлкендер де) қабыр­ғада­ғы шедеврлерді қайталап салуға мүм­кіндігі бар. Ноттингем музейінде әр жұмыс­тың жанында викториналық сұрақтар дайындалған, балалар сурет салып, ойын ойнайтын бөлме бар.

Қысқасы, жергілікті халық үшін музей­ге бару деген отбасыңмен уақыт өткізудің, демалыстың әдепкі, әдетке айналған түрі. Балаларын ертіп алып, самурай киімінің эле­менттерін, үндіс тайпаларының аңшы­лық әдістерін қызыға түсіндіріп жүрген жас әкелерді, оларды ынтыға тыңдаған кіш­кентай британдықтарды көргенде бұлардың «адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген ұстаныммен өсетініне таңқалмайсың. Миды қапастан босатудың бір әдісі музей­лерге жиірек бару екенін түсінесің.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *