Әдебиет, шынында, жалпы мәдениеттің анасы

Смағұл ЕЛУБАЙ,

көрнекті жазушы,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Қандыбалақ Сталиннің өзі жазушылардың кабинеті үйінде ғой деп, үй алған кезде 20 шаршы метр артық беретін.

Әдебиетті совет заманындағыдай ешқандай өнермен араластырмай, әспеттеп, жоғары қоюымыз керек. Жазушының қаламақысын да, беделін де көтеруіміз керек. Және сол жазушыларға жұмыс істеуге мүмкіндік жасауымыз керек. Біз осы жерден қателік жібердік. Мысалы, алдыңызда отырған жазушы совет заманынан кейін жарытып қаламақы алған емес.

Әдебиетті жүздеген қоғамдық ұйымның қатарына қою – қателік. Әдебиет – шынында, жалпы мәдениеттің анасы. Ананы балаларымен қатар қоюға бола ма?

Проза көп уақытты талап етеді. Мысалы, бізге қазіргі заман туралы роман жаз деген тілектер болып қалады. Олай істеуге болмайды. Қазір болып жатқан нәрсенің өзін қорыту керек. Кейде бағаны уақыттың өзі береді. Мысалы, «Соғыс және бейбітшілікті» Толстой сол соғысқа қатысса да, 50 жылдан кейін жазды.

Көшпенділер мәдениетінің тал бесігінде тербелген Әуезов «Абай жолын» жарты ғасыр өткеннен кейін жазды. Сондықтан бұл заманға кең көлемде, кең тынысты баға беретін алыптар болады деп дәметеміз.

 

(«Қала-дала», 24.08.2018).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *