Даулы сұрақтарды шешудегі заңнаманың тиімділігі

Даулы сұрақтарды реттеу мақсатында «Медиация туралы» Заң әрекет етеді, оған сәйкес, азаматтар дауды сотқа дейін келісім арқылы шеше алады, бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді.

Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және де өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжал­дар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Медиация рәсімі  қолданыл­майтын жағдайлар: :

— мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін козғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды.

— тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дау­ларға (дау-шараларға) медиация рәсімі қолданылмайды.

— сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданыл­майды.

Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасал­ған кезде жүзеге асырылады. Медиация тараптары дауды реттеу туралы келісімді осы келісімде көзделген тәртіппен жаз­баша жасайды, оған тараптар қол қояды. Даулы жағдайлар мен тараптар арасында туындаған сұрақтарды реттеу мақсатында 2016 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» Заңы қабылданды.

 

К.РЫСМАХАНОВА,

Алатау ауданы Әділет басқармасы басшысының м.а.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *