Дамыған техника мен технологияның кезеңі

Қазақстан  Республикасы ақпарат­тық технологияларды игеру ұмтылы­сын, дамыған елдердің қатарына кірудің белсенділігін көрсетіп отырғандығын байқауға болады. Ел болып цифрлан­дыру заманына қарай өту үшін көпте­ген жұмыстар жүргізілуде.  Бүгінгі заман, дамыған техника мен техноло­гияның кезеңі. Жыл сайын сот жүйе­сінде электронды базалардың пайда болуы соған дәлел.  Қазіргі ақпараттық технологиялар дегеніміз – цифрлы сана мен технологияларға қол жеткізудің басты алғышарты.

Сот жүйесі ашық және қолжетімді, қарапайым болуы тиіс. «Төрелік» электронды жүйесін қолдану кіріс және шығыс құжаттарын тез жөнелту, электронды журналдың түріне байла­нысты тіркеу оларды есепке алу мүмкіндігін кеңейтті. Компьютер, интернет желісін пайдаланушылар сотқа келмей-ақ сот кабинеті арқылы электронды құжаттарды беріп, сервис пайдаланушысы бола алады. Сот отырыстарының әділ және ашық болу үшін, ешқандай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін, бейне-дыбыс жазбалар сот залында жүргізіледі. Ол бейне-дыбыс жазбаларына ешқандай өзгерістер енгізуге, оны жоюға, қысқартуға жол берілмейді. Азамат­тар­дың құқықтарының сақталуына үлкен мүмкіндіктер береді.

Жоғарғы Сот бейнеконференц байланыс жүйесін белсенді түрде қолданады. Басқа қалаға бармай-ақ онлайн байланысқа шығу арқылы жиналыстар, талқы­лаулар жүргізіледі. Қазақстандағы сот жүйесінің толық­тай ашықтығы мен жариялылығының көрсеткіші деп түсінеміз.

Цифрлы технологияларды дамыту туралы талабы­ның аясында «Е-қылмыстық іс» бағдарламасы бойын­ша электронды қылмыстық істер сотқа түседі. Бұл, өз кезегінде азамат­тардың  және сот қызметкерлерінің уақытын үнемдеуге,  қағаз құжат ай­налымын азайтуға мүмкіндіктер береді. Халықтың жаңа технология­ларға деген көзқарасын қалыптас­тырады.

 

Назым ТоҚтасынова,

Алматы қаласының қылмыстық істер                

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы, сот отырысының  хатшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *