ДАМУЫМЫЗДЫҢ ДАРА БАРОМЕТРІ

Ғалам қарқынды өзгеруде. Қоғам анағұрлым күрделеніп барады. Сәт сайын жаңа сын-қатер туындап, ол жарқын болашақ құру үшін адамдардың бірлескен ақыл-ойларын талап етуде. Ол болашақ жаңа буын мақтаныш тұтатындай тұрғыда болуы тиіс. Бүгінгі таңда елімізде дәл осындай жаңғырулар жүргізілуде. Тың серпін қоғам өмірінің барлық саласын қамтып отыр.

%d0%b1%d0%be%d0%bf%d0%b0%d0%b7%d0%be%d0%b2

Марат БОПАЗОВ,

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты

Қазақстан өз Тәуелсіздігінің ширек ғасыры ішінде Орталық Азиядағы өңірлік держава ретінде көш бастауына өз үлестерін қосқан халықтың бірлескен күш-жігерінің арқасында жедел дами отырып, үлгілі мемлекетке айналды. Биылғы жыл Қазақстан халқы үшін жаңа дәуірдің бастауы ретінде жарқын көрініс беріп отыр.

Қазақ елінің келешекке бағдарланған стратегиялық мақсаты – әлемдегі адыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына ену. Биыл жарияланған Мемлекет басшысының Жолдауында осы мақсатқа қарай табанды­лықпен жетудің басым бағыттары айқын­далған. Қоғам өмірінде болып жатқан бүгінгі өзгерістер еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа үлгісі іспетті. Қазақстан Президенті осының барлығын тереңнен, байыппен, байсалдылықпен сараптап, оған қоғамның қаншалықты дайын екендігін ескеріп отырғандығы тағы бір мәрте байқалды.

Ұлт көшбасшысы қоғамды, еліміздің барша азаматтарын мемлекет дамуына белсене атсалысуға шақырып отыр. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты шақыруы осыны меңзейді.

Халқымызда «Заманына қарай – талабы» деген мағынасы терең сөз бар. Үшінші мыңжылдық адамзат тарихындағы ең жедел даму кезеңі болып отыр. Бұл даму қоғамның барлық саласын қамтып, оның сапалы өзгерістерге батыл қадам жасауын қажет етуде. Осы тұрғыдан алғанда Елба­сымыздың: «…біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жол­дары бар. Мен көздеген жұмыстары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлаға­нымыз орындалу үшін мұның өзі жеткі­ліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес», – деген сөзі шын мәніндегі біртұтас ұлт болуымызға айналғанымызды айқындайды.

Қазір әлемдегі дамыған озық мемле­кеттердің бәрі рухани жаңғыру арқылы экономикалық дамуға қол жеткізген.

Мәселен, мені ғалым ретінде рухани жаңғыру жолындағы Президенттің: «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» айтқан ой-толғамдары қатты толғандырды. Рас, кез-келген бағыттағы дұрыс болжам адамның ақыл-ой парасатымен, сана биіктігімен өлшенеді. Ол – адами капитал сапасын жақсартуға жол ашады. Адамның сана жүйесін өзгертіп, оны жаңа тұрпатты биікке жетелейді. Іргесі бекіген еліміздің жаңа белестерге жету жолындағы жүгін жеңілдетіп, жұмысын нәтижелі етеді.

Жалпы, бұл бағдар еліміздің болашақ рухани дамуына, оның мазмұнын байытуға жол ашып берген маңызды құжат болып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *