«ДАМУМЕД» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ

Әсел ДАҒЖАН

Ұялы телефонды белсенді қолдана­тын алматылықтар «Дамумед» мобиль­ді қосымшасын тегін жүктей алады. Ол бұрынғы амбулаторлық картаның орнын алмастыруда.

Мұндай жаңашылдық медицина­дағы қағазбастылықты қысқартып, емханаға келген әр адамның уақытын үнемдемек. Бұл қосымшаның өзін заман талап етуде. Өйткені, интернетті белсенді қолданатын алматылықтар 20 —60 жас арасындағы миллион шақты адамды құраған. Бұл туралы Мемле­кеттік қызмет істері департа­ментінің ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында белгілі болды.

– Қазіргі заманның талабымен «Даму­мед» мобильді қосымшасын жасап шығардық. Онда әрбір адамның амбулаторлық картасының электрон­ды нұсқасы мен науқастың соңғы рет қандай дәрілер жаздырып алған деректеріне дейін тұрады. Электронды денсаулық паспорты десе болады. Мобильді қосымша телефонға оңай жүктеледі. Аты-жөніңізді енгізген сәтте қай аурухана, қандай учаскеге тіркелгеніңіз, соңғы рет дәрігер қандай дәрілер жазғанына дейін ақпарат шығады. Егер телефон қолданбайтын зейнеткер болса, емханада түсіндіретін мамандар отырады. Яғни egov орын­дығы бар. Онда әрбір науқасқа логин, пароль беріледі. Сол парольді еңгізіп, мамандар компьютер арқылы зейнет­кер­дің жеке парақшасына кіріп, ол жайлы ақпаратты көре алады, –  дейді Электронды денсаулық сақтау респуб­ликалық орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Гүлнар Ысқақова.

Аталған мобильді қосымша мамыр айынан бастап қолданысқа енгізілді. Содан бері екі айдың ішінде 113 мың алматылық көшіріп алған. Мамандар халықтың 70 пайызының осы қосым­шаны белсенді қолданғанын қалап отыр. Сонда ғана осы саладағы қағазбас­тылық біржола азаймақ. Жыл соңына дейін 600 мың алматылық осы мобильді қосымшаны жүктеп алар болса, осы салада айтарлықтай оң өзгерістер болмақ. Өйткені, қазірдің өзінде медициналық ақпараттық жүйе орнатқан емханалар науқас қағазды енді тек электронды түрде бермек. Ешкім оны қалаған уақытқа жазды­рып ала алмайды. Осы медицина саласындағы тағы бір өзгеріс бойынша емхана мен дәріханалар қоян-қолтық жұмыс істеуде. Дәрігердің жазып берген рецептісін алып, науқас бұрын­ғыдай дәріхана іздеп кетпейді. Сол аурухана, емхана ішіндегі дәріханаға түсіп, төлқұжатын көрсетсе, ортақ желі арқылы көріп отырған фарм қызмет­керлері сіздің дәрілеріңізді сұратпай-ақ береді.

Айта кетейік, өткен жылы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы ең көп электронды мемлекеттік қызмет түрле­рін көрсеткен болатын. Биыл басқар­маның сол қарқыны біраз тоқтап тұр. Өйткені, бұл салада толық­тай цифр­лан­дыру жүріп жатыр. Ста­тистикаға шақсақ, жарты жылда денсау­лық сақтау басқармасы 2 мил­лионға жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен. Оның ішінде 748 000 қызмет egov порталы арқылы жүрген.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *