Дамудың жаңа сапалық көрсеткішіне бастар жол

Вячеслав ВАВИЛИН,

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары

Президенттердің халқына Жолдауы әлемде қалыптасқан үрдіс. Әр мемлекет жыл сайын өзінің даму приоритеттерін айқындап алады да, оны халқымен бірге жұмыла іске асыруға, көзделген мақсаттарды шешуге кіріседі. Әрине, бұл Жолдаулар мемлекеттің стратегиялық мақсаттарымен үйлесетіні, онымен үндесіп жататыны – заңды құбылыс.

Әлемде 193 мемлекет БҰҰ-ға мүше болып табылады. Сол мемлекеттердің көбі­нің Қазақстан сияқты ұзақ мерзімге арналған даму стратегиясы жоқ. Өйткені, көптеген елдер өз дамуында толығымен әлемдік саяси коньюктураға тәуелді болып келеді. Ондай елдерде ұзақ мерзімге арналған стратегия жасау қиын. Ал даму үшін өзінің ішкі қуаты мен потенциалына, ресурстарына сүйенетін елдер көп емес. Солардың қатарына Қазақстан кіреді. Өйткені, ұзақ мерзімді жоспарлар құру мүмкіндігі тек ішкі ресурстары мол елдерге ғана тән. Сондықтан Қазақстан мемлекеті де стратегиялық болашағын өзі жасайтын елдер қатарына жатады.

Екінші жағынан, әлемдік дамуды ай­қын­дайтындар да осындай – өз страте­гия­лық мүмкіндіктері бар мемлекеттер бо­лып саналады. Дәл қазіргі кезеңде Қазақ­стан­ның өзге әлем алдында белгілі бола бас­та­уы соның айғағы. Әрине, бұған Қа­зақ­стан Президенті, Елбасы Н.Назар­баев­тың ха­лықаралық деңгейдегі беделі де ық­пал етіп отырғанын атап айту керек дер едік.

Әлеммен тең дәрежеде қатынас жасауға бағыт алған Қазақстан дамуын әлемдік даму үрдістерімен үйлестіріп, көп нәрсені сәйкестендіріп отыруы тиіс. Биылғы Ел­басы Жолдауының тарихи маңызы  бірі осында деп ойлаймыз.

Елбасы БҰҰ мінберінен «Біз әлемнің дамыған 30 елі қатарына ену туралы өз амбициямызды жасырмаймыз. Ол туралы ашық мәлімдейміз» деген еді. Бұл жерде мынадай заңды сұрақ туындайды: «Осылай дегенде Президент кімге  сенім артты?». Мұның жауабы біреу: ол – бірлігі жарас­қан халқына сенім артып отыр! Біз қоғамда татулық пен бірлікті сақтай отырып, отан­сүйгіштік пен патриотизмді оята отырып, сабырмен  өз мақсатымызға жетеміз! Жолд­ау­дың да негізгі мағынасы, фабуласы осы­ған келіп тіреледі.

Осы тұрғыда «Жолдауды талқылаудың мәні неде?» деген қосымша сұрақ туын­дайды. Оған былай деп жауап беруге болады:

Кез-келген мемлекеттің даму жоспары, бағыт-бағдары халыққа түсінікті болуы қажет. Мақсат – Ұлттық мүддеге сай еке­нін, ол мемлекетіміздің іргетасын нығай­туға бағытталғанын, түпкілікті нәтижесінде халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын нығайтуға, адам капиталын дамытуға ар­налғанын қалың бұқара сезінуі керек. Тек сонда ғана мемлекеттің барлық құрылым­дарының алға қойған мақсаттарды орын­дауға әлеуеті еселеп артатын болады.

Мәселен, Жолдаудың кейбір маңыз­ды мәселелеріне тоқталсақ, алдымен, Жол­дау – Елбасының жүргізіп келе жат­қан мемлекеттік даму стратегиясының логикалық жалғасы екенін көреміз. Ол туралы Жолдауда  былай айтылады: «Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп,  «Қазақ­стан–2050» даму стратегиясын  қабыл­да­дық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің  қатарына кіру мақсатын қойдық. «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» жүзеге асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы бастау алды. Индуст­рияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифр­лы Қазақстан» кешенді бағ­дарла­масы қабылданды. Қазақстан Респуб­ли­касы­ның 2025 жылға дейінгі дамуының кешен­ді стратегиялық жоспары жасалды».

Бірақ әлемдегі қазіргі жағдай еліміздің даму стратегиясын түбегейлі қайта қарауды қажет етуде. Біз осыған дейінгі жетістік­терімізге сүйене отырып, болашақта даму­дың жаңа сапалық көрсеткішіне жетуге тиістіміз.

Себебі,  қазіргі заманда шикізат пен мұнай бағасына сүйеніп отыра беруге бол­майды. Мысалы, әлемдегі ең қуатты эко­номикасы бар АҚШ сияқты алып елдің өзі «АҚШ тек американдықтар үшін» деп ұран тастап, өзге елдердегі  өндірісін өзіне қайта көшіруге көшті. Соның арқасында олар жұмыссыздықты болдырмау коэффи­циенті бойынша әлемде көш басына шықты. Міне, осындай жағдайда Қазақстанның да өзін осы бағытқа бұруға күш салуын өте дұрыс қадам десе болады.

Мәселен, 2019 жылы мынадай он бағытта Қазақстан серпінді әрі сапалы көрсеткіштерге жетуі тиіс.

Олар:

1.Индустрияландыру, жаңа техноло­гияларды енгізудің өңірлік көшбасшы­сына айналу;

  1. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту;
  2. Ақылды технологиялар – агроөнер­кәсіп кешенін дамыту;
  3. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру;
  4. Құрылысқа және коммуналдық сек­торға заманауи технологияларды енгізу;
  5. Қаржы секторын қайта жаңғырту;
  6. Адами капиталды дамыту;
  7. Тиімді мемлекеттік басқару;
  8. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі;
  9. «Ақылды қалалар – ақылды ұлт» бағдарын іске асыру.

Қазір осы аталған міндеттерді ойда­ғыдай атқару үшін әрбір аудан, қала, облыс өздерінің барлық мүмкіндіктерін толық іске қосулары тиіс! Соның ішінде әр аудан үшін жергілікті кәсіпкерлік пен әлеуметтік қызмет салаларын дамытатын озық идеяларды  қолдап, іске асыруға мейлінше қолдау көрсету аса маңызды.

Елбасы бізге қазіргі уақыт іргені кеңге салатын уақыт емес екенін ескертеді. Сондықтан 2019 жылғы бар мүмкіндік пен қызметіміз, іс-әрекетіміз Жолдау мақсат­тарына шоғырланатын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *