Дамудың тұтас стратегиясы талқыланды

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Болашақ адам тағдыры ақпарат көздерiне тәуелдi. Ақпарат қолдаса, кiсi емес кiсi – кiсi болу мүмкiндiгiн алады. Бұл – әлемдiк тәжiрибе.

Ұлттық идея, ұлттық мүдде деген ұғым әу бастан айтылып келе жатқан тақырып. «Қай ұлттың баспасөзi мықты болса, сол ұлттың өзi де мықты» деп Ахмет Байтұр­сыновтың айтқаны – бүгiнгi күннiң нақты ақиқаты. Қазақстан мемлекет­тiгiнiң басты тiрегi ұлттық идея болса, сол ұлттық идеяны айқындайтын, бұқаралық сананы жетiлдiрiп, қоғамдық пiкiр қалып­тас­тыратын құрал – бұқаралық ақпарат және коммуникация жолдары саналады.

Қоғам өмiрiнiң бар саласына ақпарат­тың тигiзер ықпалының артуы ақпараттық қауiпсiздiктi ұлттық қауiпсiз­дiктiң құрамдас бөлшегiне айналдырды. Ғаламдық ауқым­дағы ақпараттық кеңiстiктiң дамуы Қазақ­стан үшiн өзiнiң ақпараттық ағымын кез-келген ақпараттық агрессиядан сенiмдi қорғау мiндетiн алға тартуда.

ХХI ғасыр – ақпараттар ғасыры. Ол – қазiр өмiрiмiздiң барлық саласында кеңiнен қолданылуда. Табиғат қойнауы­ның байлық­тары да, бiлiм-ғылым, әскери, коммуни­кация салалары да ақпараттық ресурстарға тәуелдi. 2015 жылы өмiрлiк қажеттiлiктiң 50 пайызы, 2020 жылы 90 пайызы онлайн режимiнде интег­рациялық байланыс­қа түсiп, электрон­ды жүйе бойынша оқыту жүзеге асырылмақ. Биылғы қыркүйек айында Астана, Алматы Қарағанды қала­ларында 44 мектепте электрондық оқытудың пилоттық жобасы қолға алыну көзделуде. Бүгiнгi таңда Қазақстанда электронды оқытудың жобасын әзiрлеуге 25 компания бәсекелестiкке түсiп отыр. Бұл жобалар елiмiздiң ғылыми-зерттеу базалары мен инновациялық басқару жүйелерiн модернизациялауға оң ықпал етпек.

Ұлттық компаниялар мен нақты өндiрiс ошақтарының басын бiрiктiрiп отырған Халықаралық Ақпараттандыру академиясы осыған орай елiмiзде инновациялық тұрғыда жұмыс iстейтiн мекемелердiң басын қосып, алқалы жиын өткiздi.

Президиум отырысында академия­ның Бас хатшысы, профессор А.Ф.Цехо­вой сөз сөй­леп, инновация­ларды дамытуға қазақ­стан­дық мазмұн­ды арттыру бағдарламасы ықпал етуге тиiстiгiн жария еттi.

«Ақпараттық қауiпсiздiк және халықа­ралық қарым-қатынас» тақыры­бында АӨСШК-тiң атқарушы дирек­торы К.Ту­мыш, КазАтомпром АҚ менеджерi К.Бай­тасов, «Бизнес техно­логиясы академия­сының (ЖШС) президентi С.Нұртазина, Ұлттық ақпа­рат­тық орталығы АҚ-ның президентi Г.Нұрғалиева және академик В.Лось дамудың ұзақ-мерзiмдi тұтас страте­гия­сы туралы қызықты баяндама жасады.

Ғалымдар көтерiлген мәселе бойын­ша мемлекеттiк ұйымдар мен меке­мелерге, азаматтық қоғам мүше­лерiне декларация-үндеу қабылдады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *