«Даму»

551«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін 100 млрд.теңгені орналастыру туралы екінші деңгейдегі банктермен несие келісіміне қол қойды

        Несие келісімі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  және 13 отандық екінші деңгейдегі банктер арасында жасалды. Құжатқа сәйкес аталған қаржыны екінші деңгейдегі банктер өңдеуші өнеркәсіп жобаларын іске асыратын шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне алты ай ішінде берулері тиіс.

 

Қаржыландырудың бағыттары:

50 млрд. теңге – шағын және орта бизнестің жаңа жобалары  (оның ішінде 25 млрд.теңге азық-түлік өндірісі  — тамақ өнеркәсібінің жобаларына бөлінеді);

50 млрд. тенге – жұмыс істеп тұрған қарыз алушыларды қайта қаржыландыру.

 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы екінші деңгейдегі банктерге берілетін несие талаптары:

Қаржыландыру валютасы – теңге

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2%

Мерзімі —  240 ай

Мақсатты пайдалануы – өңдеуші өнеркәсіп жобаларын іске асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру;

Игеру мерзімі – лимит ашылғаннан кейін 6 ай

Екінші деңгейдегі банктердің маржасы –жылдық 4% көп емес

 

        Өңдеуші өнеркәсіпте жобаларын іске асыратын кәсіпкерлерге берілетін несие талаптары:

Қатысушылар – өңдеуші өнеркәсіпте жобаларын іске асыратын шағын және орта бизнес субъектілері;

Қаржыландыру лимиті – 1 850 млн.теңгеге дейін

Қаржыландыру валютасы – теңге

Сыйақы мөлшерлемесі –  жылдық 6%

Мерзімі —  120 айдан көп емес

Мақсатты пайдалануы – өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобалар;

Комиссиялар – комиссиясыз, алайда шағын және орта бизнестің бастамасымен несие талаптары өзгерген жағдайда, комиссия мөлшері «Даму» қорымен келісіледі.

 

Бұл Мемлекет басшысының экономикаға қолдау көрсету және оның өсімін 6-7% деңгейінде қамтамасыз ету туралы тапсырмасын іске асырудың алғашқы қадамы. Осы қаражатты бөлу шағын және орта бизнестің жаңа жобалары бойынша инвестициялық қызметін ынталандырады, сонымен бірге кәсіпкерлерге несиелерін аса тиімді шарттармен қайта қаржыландырып, тұрақты жұмысын жалғастыруға және өндірістік қызметін іске асыруға мүмкіндік туғызады.

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова «Даму» қоры несие қаржысын берудің барлық процедураларын мұқият қадағалайды деп сендірді:  «Банктерге осы бағдарлама аясында кандай да бір комиссия, айыппұл, өсімпұл түрлерін алуға тыйым салынады және бұл қаржы Ұлттық қордың ресурстары болғандықтан, олар  отандық тамақ, тоқыма, металлургия, машина жасау өнеркәсіптеріне беріледі. ДАМУ шағын және орта бизнес  өкілдері несиені қарастыруға артық комиссия төлемес үшін барлық процедураларды егжей-тегжейлі бақылайды. Сонымен қатар, біз банктерді ынталандырамыз, оларға ортақ қаржыландыру көрсетіледі және жобаларға басқа да қосымша ресурстар тартатын боламыз».

 

_________________________________________________________________

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – «Бәйтерек» холдингі құрамына берілген         10 даму институттің бірі. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту Қордың басты мақсаты болып табылады.        

 

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қор» АҚ  -кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы. Қор Бағдарламасы негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асуда: кәсіпкерлер үшін қаржыландыру мөлшерін және қолжетімділігін арттыру; кәсіпкерлік секторын әртараптандыруға және оның индустриалдық-инновациялық дамуына жәрдемдесу; ШОБ субъектілерінің кәсібилігін жаңадан істі бастаған кәсіпкерлер мен ШОБ кәсіпорындарының топ-менеджменті негізінде оқыту, шетелдік стажировкалар, сервистік және ақпараттық қолдаулар.

Қор құрылымында Қазақстанның барлық 14 облыстары мен Астана және Алматы қалаларында 16 өңірлік филиалдары бар. Бүгінгі күні Қормен кәсіпкерлерді қаржылық және ақпараттық-консультациялық қолдаудың 25-тен астам бағдарламалары жүзеге асуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *