ДАМУ КӨШІНІҢ СОҢЫНДА ҚАЛСАҚ, ШАҢ ҚАБАМЫЗ

Зиятдин КАСАНОВ,

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Дүниежүзі «Ахыска» түріктері қауымдастығының төрағасы,  ҚХА мүшесі.

Биыл Елбасы халыққа арнаған Жолдауын жылдағыдан ертерек және бөлекшелеу жасады. Жолдаудың форматы да өзгеше, бұған дейін жасалған бағдарламалардың нәтижесін саралаған және салалық министрліктер мен әкімдерден қорытынды талап еткен жиын болды. Елбасы бұрын жасалған бағдарламалар мен тапсырмалардың іске асуын талап ете отырып, атқарылған жұмыстарды жалғастыру жолдарын да айқындап берді. Және әлеуметтік, құқыққорғау, т.б. салалар мен жергілікті жерлерде жаңаша жұмыс істеу қажеттігіне тоқталды. Біз осы тұрғыда Алматы қаласы мәслихатының депутаты, меценат Зиятдин КАСАНОВПЕН сөйлескен едік.

– Зиятдин Исмиханұлы, жергілікті  орган – мәслихат депутаты, меценат-кәсіпкер ретінде биылғы Елбасы Жолдауы жөнінде ой білдірсеңіз.

Биылғы Жолдау өзгешелеу болды. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек…» дегендей, биылғы Жол­дауды халық жанына жақын қабылда­ғандай. Кейде депутаттарды «халық қалау­лысы» деп жатады, сол халық өзі сайлап алғасын шығар. Расында да біз негізгі жұмысымыз сол әлеуметтің қамы, сүйікті қаламыздың дамуы. Осы тұрғыдан келгенде Елбасы да жергілікті жерлердегі басшылық Астанаға алаңдай бермей, өз биліктері мен мүмкіндіктерінше де жұмыс жасау қажеттілігіне тоқталды ғой.

Мемлекеттік бағдарламаларға да қатыс­ты айтты. Мысалы, «7-20-25» бағдарла­масы­на байланысты «неге жергілікті жерлерде алғашқы жарнаның бір бөлігін субцидияламасқа» деді Елбасы. Президент көрсетіп бергендей, бүгінгі таңда өтініші қабылданғандарға «1 миллиондық серти­фи­кат» беру қолға алынды. Міне, нақты бағдар, нақты іс.

Елбасы өз сөзінде әлеуметтік, ком­муналдық, т.б. жұмыстарды жүзеге асыруда Алматы қаласының атқарып отырған істерін де мысалға келтірді. Расында да, Б.Байбек басшылыққа келгелі мегаполисте «қолайлы қала», бұқаралық спорт – сала­уаттылық, керемет көшелер мен аулалар, халықаралық деңгейдегі кешендердің (Алматы Арена, Халық Арена, «Алатау» театры, т.б.) қолжетімділігі бойынша, балаларды спортқа тарту мен қарттарды құрметтеу, т.б. жұмыстар атқарылуда. Және бұл шаруалар бойынша қалалық бағдарла­малар жасалып, олар қалалық мәслихатта бекітіліп отыр. Яғни заңнама негізінде орындалуда.

Біздің Алматыда жасалып жатқан жұмыстардың негізі Елбасы тапсырғандай «Мемлекет – жекеменшік серіктестігі» бойынша жасалды. Яғни жеке капитал өз қаласы үшін инвестиция құяды. Бұл да заманауи талап.

Осыдан болар, елдің ең үлкен мегапо­лисі алға жылжып, даму көшінің басында келеді. Мемлекеттің салықтық бюджетінің де үштен бірін мегаполис беріп отыр. Елбасы бұны да айтып кетті.

– Алматымыз жайында жағымды пікіріңізге рахмет, әрине. Енді Жолдаудың қай тұстарына тоқталар едіңіз?

– Жалпы, Жолдауды бастан-аяқ қабыл­дауға болады. Елбасының ерекшелігі Жолдауды жариялап қана қоймайды, жүзеге асыру жолдарына дейін көрсетіп береді ғой. Содан кейін жұмыс жасамау мүмкін емес, расында. Тәуелсіз Қазақстан 27 жылда қыруар жұмыс атқарды. Көз алды­мызда тұралап қалған экономикасы тіктеліп, рухани дүниелер де түгенделіп жатыр.

Осы тұрғыдан келгенде, мен біздің Пре­зиденттің халыққа арнаған әрбір сөздерін ықыласпен тыңдаймын. Ал биылғы Жолдаудың жөні бөлек. Себебі, Президент тапсырма берумен қатар, оны орындау жол­да­рын да көрсетіп беріп отыр. Бағдар­ламаларды жүзеге асыру үшін қаржы көздерін қайдан алу керек, бюджетті тиімді жұмсау, қажетсіз шығынды қысқарту, т.б. сияқты. Биылғы Жолдауда да нақты бағыттарды көрсетіп берді.

Бизнесті қолдау бағдарламаларын жасау, ШОБ-ты шенеуніктердің ретсіз қадағалауынан қорғау, қажет болса, «Бизнеске салықтық амнистия» жасау керектігін айтты. Өте орынды, себебі, бүгінгі нарық заманында ел экономикасының 80 пайызы кәсіпкерлік арқылы дамиды.

Жеңіл өнеркәсіпті жетілдіріп, ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толтыру қажет­тігіне, өзіміз өндірген киімді киіп, тамағы­мызды жеу аса маңызды екеніне тоқталды. Сапалы өнімге де мүмкіншілік мол бізде. Расында, ішкі өндіріс болмай, тауар, ақша айналымы да болмайтыны заңдылық. Біз тапқанымыздың барлығын сыртқа жіберіп жатқанымыз да рас.

Сонымен қатар, Елбасы бюрократия мен қағазбастылықты қысқартуды тапсыр­ды. Расында да, қызмткерлердің көп уақыты бағдарламаларды жүзеге асыруға емес, соларды талқылауға кетеді. Түрлі науқандық шаралар да уақытты көп алады. Сол «қажеті жоқ» науқандық шараларды атқаратын негізінен мемлекеттік қызмет­тегілер, яғни бюджеттік мекемелер.

Елбасы бюджеттік саладағылардың (мұғалім, дәрігер, т.б.) мәртебесін қайта қарау­ды да тапсырды. Президенттің «Біз бәрі­міз бір мемлекетке, ортақ Отанға жұмыс істейміз…» деген сөздері қазақстан­дықпын деген әрбір саналы азаматқа ой салуы керек.

Мен Қазақстан азаматы ретінде барлық отандастарымды өз өміріміздің сапасын арттыруға, Елбасы айтқандай «алға кеткен елдердің шаңына тұншықпауға» шақыра­мын.

– Зиятдин Исмиханұлы, жүректен шыққан шынайы пікіріңізге рахмет.

– Сізге де, «Ақшамның» оқырманда­рына рахмет! Ортақ Отанда біртұтас Қазақ­стан халқы болайық.

 

Сұхбаттасқан – Нұрлан СҮЙІН. 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *