«Даму» бизнеске қолдау көрсетеді

«Бизнестің жол картасы–2020»  мемлекеттік бағдарламасы екі бағытта атқарылуда

 

Алматы қаласының Өңірлік комму­ника­циялар қыз­метінде «Даму» КДҚ Алматы қаласы фи­лиалы дирек­то­рының орынба­сары Едіге Сәулебек­ұлы  Мар­ғұланның қатыс­уы­мен бри­финг өтті.

Едіге Сәулебекұлының ақпаратын­ша, Қазақстанның шағын-орта биз­несінің сапалы түрде дамуына жәр­дем­десу Қордың миссиясы болып табылады.

«Даму» қоры өз миссиясын жүзеге асыру мақсатында дамудың екі негізгі стратегиялық бағыттары бойынша жұмыс істейді:

1) Ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлерді қолдау:

2) Қордың тұрақты институцио­налдық дамуы.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы қаласы бойынша аумақтық фи­лиалы өз жұмысын 2007 жылы 1 маусым­нан баста­ған болатын. 2010 жылдан бастап қор «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарлама­сының қаржылық агенті және опера­торы болды. Бұл бағдарла­маның баста­машысы Елбасы екені белгілі. Бағ­дар­лама кәсіпкер­лердің басты мәселелерін шешуге арналған. Олардың бірі – несиелердің қым­баттығы  және кепіл­діктің жетіспеу­шілігі.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемле­кеттік бағдарламасы  екі бағыт­қа – қаржылай және қаржылай емес қолдау болып бөлінеді.  Қар­жылай қол­дауға пайыздық мөл­шерлемені субси­диялау жатады, бұл дегеніміз бюджет­тен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақының бөлігі.

«Бизнестің жол картасы – 2020» – бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарла­масының 2017 жылғы 29 қаңтардағы №168 қаулы­сына сәйкес өзгерістері мен толық­тыру­ларына сәйкес,  субсидиялау ҚР Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшер­лемесінен аспай­тын, 5 (бес) пайызға ұлғайған. Мемлекет  осы 5 пайызды қосып, несиенің 40 пайызын  субси­диялайды, ал қалған айырмасын кәсіпкер төлейді. Бұл  кредиттік шарт­тар бойынша ғана жүзеге асырылады, ИИДМБ (ГППИИР) бойынша өңдеу өнер­кәсібінің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған тиімді кәсіпкерлер үшін – 50% субсидия. Суб­сидиялау мерзімі 5 жылға дейін. Пролон­гациясыз.

Инвестицияларға бағытталған кре­дит­тік шарттары бойынша субси­диялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 жылды құрайды, – деп мәлімдеді Едіге Сәулебекұлы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *