Дайындық артық болмайды

«Алматытелеком» жалпықалалық сейсможаттығуға қатысты

Төтенше жағдай департаментінің Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізген жалпықалалық сейсможаттығуға Азаматтық қорғаныс қызметтері, медициналық мекемелер, оқу орындары, өзге де кісіпорындар мен қала тұрғындары қатысты. Қалалық жаттығуда «Алматытелеком» ӨТД қызметкерлері де болды.

Алатау ауданындағы №180 мектептің базасында құтқарушылар шұғыл қимылдау әрекеттерін көрсетті. Алғашқы медициналық көмек, үйінді астынан адамдарды шығару, т.б. төтенше жағдайдағы іс-қимылдарды елге көрсетті.

– Бұл іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік азаматтық қорғаныс қызметі мен халықтың жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайға дайындық деңгейін көтеру, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді қайта пысықтау, түрлі жағдайға дайын болу. Жалпы, дайындық артық болмайды, – дейді «Алматытелеком» ӨТД Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы істер бөлімінің басшысы Самат Жанысбаев.

Жаттығу болған жерде филиал басшылығына «Алматыелекомның» апатты қайта жөндеу командасының іс-қимылы және апатты-техникалық команданың байланыс жүйесін жедел қалпына келтіру жұмыстары көрсетілді. Апатты-техникалық команда барлық керекті құрал-техникамен жабдықталған.

Осы күні «Алматытелеком» ӨТД-ның мегаполистегі барлық құрылымдарында қызметкерлер үшін сейсможаттығу өткізілді.

 

Диана САБРАЛИЕВА,

қоғаммен байланыс бөлімі қызметкері.   

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *