Дәуір тудырған тұлғалар

«Алматы қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде «Дәуір. Тұлға. Таным» атты әдеби кеш болып өтті.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Бұл әдеби шара Елбасы Н.Назар­баев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағ­дарламалық мақалалары аясында жады­мызды жаңғырту, тарихымызды тану, ұлы тұлғалардың ұлағатты өмір жолдары мен ұлт мүддесі үшін сіңірген еңбек­терін еске алу мақсатына арналған еді. Қазақ әде­биетінің классиктері, академик жазушылар Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің соңына қалдырған рухани мол мұраларын ұрпақ игілігінежарату, насихаттау, тану мен зерделеу қашан да естен шықпауы керек. Әдеби шараны Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, филология ғылымының кандидаты, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі, ақын Әділғазы Қайыр­беков жүргізді. Халықаралық Ш.Айтматов акаде­миясының және Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, түркология сала­сындағы зор жетістігі үшін Күлтегін сыйлы­ғына ие болған фило­логия ғылымы­ның докто­ры, профессор, «Құрмет» ордені­нің иегері Дандай Ысқақ жиын­ның күн тәртібін­дегі мәселе бойынша кеңінен әңгіме өткізіп, тың­дармандар тара­пынан қойыл­ған сауалдарға жауап берді. Қазақ жазба әдебиетінің негі­зін қалаған, аса көрнекті жазу­шылар Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов проза, драма­тургия және поэзия саласында өндіре еңбек еткен, соңдарына мол әдеби мұра қалдырған қарым­ды қалам иелері. Олардың жазған роман, повесть, поэ­малары өзінің құндылығын әлі күнге жойған емес, келешекте де жас ұрпақ үшін танымдық құндылықтары арта бере­рі анық. Әдеби кешке қаладағы зиялы қауым өкіл­дері, музей және кітапхана қыз­меткерлері, жоғары және орта білім орын­дарының оқытушылары мен студенттері, жур­налис­тер қауымы қатысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *