Дұрыс таңдау жасау – өз қолымызда

Достар!
Міне, бір жарым айға жуық уақытқа созылған праймериз де өз мәресіне, шешуші сәтке жақындап келеді. Демек, партияішілік дауыс беру кезеңі басталды. Осы уақыт аралығында бүгінгі заманның ең тиімді ақпарат алаңы – әлеуметтік желілерде осы саяси додаға қатысқан азаматтар өзінің алға қойған міндттері, мақсат-мұраттарымен бөлісті, халыққа бағдарламаларын ұсынды. Демек, әркім өзінің деңгейін, шама-шарқын байқатты. Қалай болғанда да осы елге, мемлекетке қызмет ету жолында аянып қалмайтынын жария жасады.
Бәйгенің аты бәйге. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығуы керек. Сондықтан осынау аламаңда шын мәніндегі озық ойлы, мемлекетшіл, ұлтжанды, елге жанашыр іскер азаматтарды таңдауда Сіздің қателеспейтініңізге сенемін.
Дұрыс таңдау жасау – өз қолымызда. Бүгінгі дұрыс таңдау – ел келешегінің кемел болуының кепілі.

«Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали СӘРСЕНБАЙ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close