Дұрыс таңдау жасадым

Биылғы Жастар жылында елімізде үлкен саяси науқан өтіп жатыр. Сондықтан еліміздің болашағының жарқын болуын қолдайтынымды білдіріп, өз таңдауымды жасап отырмын.
Менің даусым тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін аса маңызды деп ойлаймын. Сондықтан ертелеп тұрып, өз құрбы-құрдастарыма үлгі көрсеттім деп ойлаймын.
Университетімізде өз таңдауымызды жасауға барлық жағдай жасалған. Студент-жастар бір кісідей біз тіркелген №378 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Бұл жердегі белсенділікті байқап, азаматтарымыздың саяси біліктілігі мен жауапкершілік сезімдерінің жоғары екенін тағы бір аңғарып отырмын.
Гүлназ ШӘРІПОВА,
ҚазҰАУ Орман шаруашылығы факультетінің 2 курс студенті,
оқу озаты

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *