Дәрігерлер ардагерлердің үйіне барып қызмет көрсетеді

Әсел ДАҒЖАН

 

Бүгінде Әуезов ауданы аумағында 43356 зейнеткер бар. Оның ішінде  47-сі Ұлы Отан соғысы ардагері, 19-ы Ұлы Отан соғысының мүгедек ардагері, 3318 тыл еңбеккері, Ленинградтың бұрынғы 17 тұрғыны және концлагердің бұрынғы 12 кәмелеттік жасқа толмаған тұтқыны.

Жеңіс күні қарсаңында Әуезов ауданы әкім­дігінің басшылығы, Алматы қаласы мәслиха­тының депутаты, «Magnum Cash@Carry» басқарма төрағасы Гарбер Александр Лазарев­тің қатысуымен осы жандарға азық-түлік салынған сый-сияпат табысталды. Сонымен қатар, екі жүз ардагердің үйіне азық-түлік себеті жеткізілді.

Аудандағы Ардагерлер үйінде айдың соңына дейін жалғасатын концерттік бағдарламалар мен мерекелік құттықтаулар жүріп жатыр. Аудан­дық жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қатысуымен мамыр бойына ауданда орналасқан мейрамхана-кафелерде 1200 адамды қамтитын мерекелік түскі астар ұйымдастырылуда.

Ерекше ескерілетіні, бір ай бойы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ауданның медициналық мекемелерінде «Ашық есік» күні ұйымдас­тырылады және ардагерлердің үйлеріне арнайы мамандар барып, денсаулықтарын қадағалайды.

Ауданның жалпы білім беретін мектептері мен жоғары оқу орындарында еңбек және соғыс ардагерлерінің қатысуымен ашық сабақтар өткізілмекші. Жалғызбасты ардагерлер мен мү­ге­дектерге көмек көрсету үшін тимуров­шылар қозғалысын ұйымдастыру жоспарланған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *