Дәрігерлер арқан тартып, қол күрестірді

Әсел ДАҒЖАН

 

Наурыз мерекесін тойлаудан Алматы Онкология орталығы да шет қалмады. Алатау бөкте­рінде орна­ласқан мейрам­ха­надағы мерекеге орталық ұжы­мындағы 300-ге жуық маман қатысты.

Мереке кезінде аурухана бөлімшелері арасында сырға салу, қыз ұзату, беташар, бесікке салу, тұсау кесу сияқты салт-дәстүрлерді көрсетуден байқау ұйымдас­тырылды. Одан бөлек, табиғат аясында ұлттық ойын және спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Арқан тарту, ерлер және қыздар арасында қазақша күрес, қол күресі, гір тасын көтеру сынды жарыстар өте тартысты әрі қызықты өтті.

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, қария кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» дейтін қазақтың аталы жолын ұстанған Орталық ұжымы Балалар ауруха­насының бөлім меңгерушісі, жоғары дәре­желі дәрігер Қуаныш Есқазыұлынан бата алды.

Мерекенің көркін қыздырған ұлттық және спорттық жарыс­тардың жеңім­паз­дары ақшалай сыйлық­тармен марапат­талды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *