Дәрігерлер 10 айлық баланың неліктен 20 келі тартатынын анықтай алмай отыр

3555Колумбияның Либано қаласында 20 келі тартатын 10 айлық сәбидің қандай дертке шалдыққанын анықтай алмай отыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

Әдетте, бала 5 жасқа толмай, 20 келі тарпауы тиіс. Хуанита Валентина Эрнандес туылғанынан кейін бірнеше апта өтпей, жылдам салмақ қоса бастаған.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың ерте семіруіне ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дерт себеп болуы мүмкін. Туылған уақытта 2,7 келі тартқан Хуанита көп өтпей, бірнеше келі салмақ қосады. Қазір жұмыссыз отырған ана баласын емдетуге қаражат таппай отыр.

Шарасыз анаға жергілікті қайырымдылық қорының жетекшісі Тэм Фрай көмек қолын созды. Қор қаржы бөліп, желтоқсан айында науқас қыз Колумбия астанасы Боготаға емдеуге жіберілді. Дәрігерлер тез арада Хуанитаға нақты диагноз қойылып, семірудің себептері анықталмаса, науқастың ауруына жүрек және қант диабеті дерті де қосылуы мүмкін деп отыр.

Ақшам-ақпарат

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *