Дәрігердің міндетін мейірбикелер де атқара алады

2735Алғашқы медициналық көмек қызметін жақсартуды басты мақсат етіп қойған Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы кейінгі жылдары орта буынды медицина қызметкерлерін даярлау ісіне айрықша көңіл бөлуде. ТМД елдерінің және басқа да бірқатар шетелдік озық клиникалармен тығыз қарым-қатынас орнатты. Іс-тәжірибе бөлісуді дәстүрге айналдырған. Алматының Денсаулық сақтау басқармасы және басқармаға қарасты Алматы медициналық колледжімен тығыз қарым-қатынас орнатқандардың қатарында Литваның Вильнюс қаласының озық клиникалары бар.

Жуырда Алматы медицина колледжінде колледж оқыту­шылары мен Вильнюс қаласындағы Орталық емхананың ұйым­дастыруымен «Дәрігердің қызметін жүзеге асыратын мейірбике қызметінің заманауи қадамдары» атты тақырыпта семинар-тренинг болып өтті. Оған қаламыздағы емдеу мекемелерінің жалпы тәжірибедегі дәрігерлері мен мейірбикелер қатысып, мейірбике ісін жетілдіру бағытындағы жаңа қадамдар төңірегіндегі өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Семинарға қатысушылар алдында Вильнюстің орталық емханасының директоры, профессор Кястутис Штарас баяндама жасады. Кястутис Штарас өз баяндамасында емдеу ісінің бар жауапкершілігі мойнына жүктелген, кешегі күнге дейін емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындаушы міндетін атқарып келген мейірбикелердің қазіргі кезеңдегі жаңа келбеті, жаңа міндеттері, яғни, мейірбикелер дәрігерлердің көмекшісі емес, серіктесі, яғни, өз алдына емдеу ісін жүзеге асыратын дербес маман деңгейіне жеткізетін басты қадамдар мен міндеттер жөнінде айтты.

Семинарда, сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың жаңа қадамдары, дәрігердің негізгі міндеттерін мейірбикеге жүктеудің тиімділігі төңірегінде де ой-пікірлерімен алмасты.

– Алматы медициналық колледжінің басты міндеті – бәсекеге қабілетті, кәсіби жағынан білікті мамандар даярлап шығару, мейірбике мамандарының мәртебесін арттырып, оларды дербес маман иесі етіп қалыптастыру. Бүгінде қаламызда мейірбикені дәрігердің серіктесі ретінде санап, мейірбикелерге науқас адамды қабылдап, оның ауруын анықтап, тиісті ем-шараларын тағайындау секілді мүмкіндіктерді беру шаралары қарастырылып, жүзеге асырылуда. Бұл қадам дәрігердің жағдайы күрделі науқастың жанында көбірек болуына мүмкіндік беретін болады, – дейді Алматы қаласындағы емдеу мекемелерінде қызмет істейтін мейірбикелердің мәртебесін арттыру жолында үлкен ізденісте жүрген Алматы медицина колледжінің директоры Ақмира Садықова.

Науқастың 80 пайызының сауығып кетуі күтіміне бай­ланысты десек, денсаулық сақтау саласындағы мейірбикелер арқалайтын жауапкершілік жүгі салмақты екендігі даусыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *