Дәрігер болу – жүректен

Н.ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Алмалы  аудандық әкімшілігі мен аудан­дық Ішкі саясат басқармасы мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің тәрбие жұмысы және білім алушыларды қолдау, дипломнан кейінгі факультет деканатының   және  Студенттермен жұмыс басқармасы  «Қазақ­станның 100 жаңа есімі» жобасы­ның жеңімпаздары Репродуктивті меди­цина институтының репродуктолог-дәрігері Ләззат Айтқожина мен А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми  хирургиялық орталығы  анестезиология және жан сақтау бөлімінің басшысы, Тілеуберді Қуанды­қовпен кездесу өткізді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба­сының жеңімпазы атанған бұл екі дәрігер де осы оқу орнының түлектері.  Кездесуді жүргізген  дипломнан кейінгі білім беру факультеті деканының орынбасары Құрмет Елубайұлы  Хабдин студенттерге бұл сөзді үлкен мақтанышпен жеткізді.    Мақтанса, мақтанғандай, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында халық қалауына ие болып, жеңімпаз атанған   алматылық дәрігерлердің барлығы да осы оқу орнының түлектері. Ұстаз үшін шәкіртінің жұлды­зының   жарық жанғаны үлкен мақтаныш екені даусыз. Сондықтан болар, универ­ситет ұстаздары осы байқауда жеңімпаз атанған   дәрігерлерді студенттерге таныс­ты­рып, оларды жастарға үлгі етуді    дәс­түрге айналдырып келеді.  Кездесу бары­сында Ләззат Кенжебайқызы мен Тілеу­берді Кеңесбайұлы      интерн студенттерге өздерінің алғашқы еңбек жолдары, қызмет бабында кездескен қиындықтары және  дәрігерлік мамандықтың  қиындығымен қатар, сүйінерлік қасиеттерін түсіндіріп, алға қойған мақсатқа жетудің  жолын  нұсқаған ұстаздары мен тәлімгерлеріне деген ризашылықтарын білдірді.    Акушер-гинеколог мамандығын алған Ләззат өзінің алғашқы дәрігерлік қызметін Шығыс Қазақстан облысының аудандық аурухана­сынан бастағандығын, мамандығының ыстығы мен суығына төзуді  сол алғашқы еңбек ұжымынан  қалыптастырғандығын, өзінің мамандығына деген үлкен сүйіс­пеншілігі мен осы саладағы қол жеткізген жетістіктері туралы  әңгімелеп берді.  Алыс ауданда тәжірибе жинақтап, осы саладағы өзінің айқын жолын тапқан Ләззат Кенжебайқызының әңгімесін студенттер  ықыласпен тыңдап, өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Ләззат студенттер қойған сауалдарға  жауап қайтару барысында дәрігер болу үшін оқу бітіріп, қолға диплом алу аздық ететіндігін  айта келіп, бұл мамандықты жүрекпен сүю керектігін  шын жүрегімен айтып жеткізді.

– Халық таңдауындағы дәрігер  атану үшін    дәрігерлік мамандықты шын жүрек­тен таңдау керек.  Мені осы «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енгізген, ең алдымен, мамандығыма деген шын  ықыласым мен  науқастарыма  көрсеткен  шынайы дәрігер­лік қызметім, сол еңбегімді бағалай білген менің пацинеттерім», – деген Ләззат студент­терді мамандықтарын сүюді, алдына келген науқастарға жақын адамдарына деген сүйіспеншілікпен қарау керектігін  айтты.  Ал отыз бес жасында ағылшын тілін меңгеріп,   медицинадағы  ең жауапты сала анестезиология саласының білікті маманы атанған, қолы жеңіл  дәрігер Тілеуберді  Қуандықовтың да болашақ дәрігерлерге айтары  аз болған жоқ. Бала кезінде    футбо­лист,   тергеуші болуды арман еткен Тілеуберді Кеңесбайұлы мектеп бітірген жылы қалай дәрігерлік мамандықты таңда­ғандығын өзінің де білмей қалғандығын жасырмады. Ал қазір  ол медицина сала­сындағы ең жауапты –  өмір мен өлім ара­сындағы  жанталасты қызмет иесі.   Анес­тезиолог  дәрігердің  кірпікке іліне кететін тозаңдай ғана қателігі адамның өміріне  үлкен қауіп төндіруі тіпті кей жағдайларда өліп кетуі әбден мүмкін екендігін, сол себепті бұл саланы  иегерген адамның мойнына жүктелер  жауапкершіліктің зор  екендігін болашаққа дәрігерлердің жүрегіне жеткізе айтты. Т.Қуандықов Болашақ стипен­дия­сының   иегері. Ол ағылшын тілін отыз бес жасында   оқып үйреніпті. Ал бүгінде  Т.Қуандықов шетелдік әріптесте­рімен осы тілде еркін  әңгімелесе алады.   Өзгелердің тәжірибесін меңгеру үшін шет тілін  білудің қажетті екендігін анестзиолог дәрігер болашақ дәрігерлерге  жете түсіндірді.   Кездесу    барысында студенттер «Қа­зақстанның 100 жаңа есімі» жеңім­паздарына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ойларымен бөлісті.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *