ДӘРІ-ДӘРМЕК УАҚЫТЫЛЫ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

ҚР Денсаулық сақтау ми­нистрі Елжан Біртанов Алма­тыда журналистермен кезде­суінде дәрі-дәрмек нарығындағы мәселелерге ерекше тоқталды. Оның айтуынша, алдағы жыл­дардан бастап қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті уақытылы алатын болады. Бұған дәрі-дәрмекті сатып алудың жаңа электронды веб-порталы мүмкіндік береді екен.

Министрдің сөзін­ше, жаңа веб-портал науқас­тарды дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етуге жол ашады. Сондай-ақ, оны денсаулық сақтау са­ла­сын цифрлан­дыру­дағы маңызды жобаның бірі ретінде қарастыруға да болады. «Сатып алу­дың электронды фор­маты әкімшілік кедергілерді жояды. Сонымен қатар, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Осылайша тұрғындардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласына деген сенімі артады», – деді министр.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *