«Дүния» газеті бізге тарту жасады

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға ресми сапарының қорытындысы бойынша, Түркияның белді саяси-экономикалық басылымдарының бірі – «Дүния» газеті Қазақстанның жетістіктері мен Астананың 20 жылдығына тарту ретінде түрік және ағылшын тілінде қосымша «Қазақстан» журналын шығарды.

Қазақстан Президентінің Түркияға ресми сапары және Анкарада өткен Қазақстан – Түркия инвестициялық форумы туралы кеңінен ақпарат қамтыл­ған жур­налға Түркия Респуб­ликасының 11-Президенті Абдолла Гүлдің «Астана Н.Назарбаевтың стратегия­лық көзқарасы арқылы бас қала болып қалыптасты», Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чаву­шоғлу­ның «Түрік кәсіпкер­лері салған ғимараттар Қазақ­станды гүлдендіріп отыр», Қазақ­станның Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасым­бек­тің «Транс-Каспий бағыты арқылы екі ел арасындағы сауда дами түседі», Қазақстанның Түркия­дағы елшісі Абзал Сапарбек­ұлының «Орта­лық Азияға арналған шетелдік инвестиция­лардың басым бөлігі Қазақстанға салынды» атты мақалалары енді.

Сонымен қатар, 100 мың тиражбен Қазақ­станның Түркия­дағы елшілігінің қол­дауымен басылған журналда «Қазақ Инвест» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы С.Тұяқбаев­тың, Астана қаласының бұ­рынғы әкімі Ә.Есеке­шевтің, Түркістан облы­сының әкімі Ж.Түйме­баевтың, Алматы облы­сының әкімі А.Бата­ловтың, Сол­түстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақа­ловтың, Ақтөбе облы­сының әкімі Б.Сапар­баевтың, Павлодар облысы­ның әкімі Б.Бақауов­тың, Батыс Қазақ­стан облысының әкімі А.Күлгі­новтің, Қараған­ды облысы­ның әкімі Е.Қоша­новтың, Шымкент қала­сының әкімі Ғ.Әбдір­ахи­мовтың, Маңғыс­тау облы­сының әкімі Е.Тоғ­жановтың Қазақ­станның өңірлік эко­номи­калық әлеуеті мен инвес­тициялық мүм­кін­діктері туралы көлемді мақалалары жарық көрді.

Шығыс Қазақстан, Жам­был, Қостанай және Ақмола облыс­тарының шетелдік инвестиция тарту мүмкін­діктері туралы ақпа­раттар мен аталған өңірлердің қазіргі таңдағы даму көрсет­кіштері жария­ланған басы­лымда «Бәй­терек» холдин­гінің басқарма төрағасы А.Әріпхановтың, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компания­сының басқарма төрағасы Қ.Құ­дайбергеннің, «Даму» қорының басқарма төр­ағасы А.Сар­құ­ловтың, «ҚазГеология» зерттеу компаниясының бас­қарма төр­ағасы Ғ.Нұр­жановтың мақа­ла­лары мен Қазақ­станның сауда-эконо­мика­лық дамуына үлес қосқан түрік кәсіп­керлерінің қы­зықты естеліктері мен толға­ныстары да басылған.

Еске сала кетейік, «Дүния» газеті 1952 жылдың 1 наурызынан бастап Стамбұл қала­сында шығады. Басы­лымның алғашқы ре­дак­торы белгілі жур­налист Фатих Рыфкы Атай болатын. Қазіргі таңда «Дүния» газеті «Дүния» компа­ниялар тобы тарапынан шыға­рылады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *