Дүниенi дүрлiктiрген дiни ағымдар

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсiз­дiгiне – 20 жыл. Бұл халқы­мыздың үш ғасырда әзер қолын жеткiзген ұлы жеңiс, үлкен арман. Ақ түйенiң қарны жарылған мерейлi мереке.

Осы жылдың екiншi жартысынан бастап Қазақстан халықаралық беделдi де мәртебелi ұйымИслам кон­ферен­циясы ұйымына төрағалық етедi. Жас мемлекетiмiз үшiн бұл да iрi жеңiс, зор жетiстiк.

Үш күнге созылған дiн мен қоғам туралы халықаралық конференциялар осы екi маңызды оқиғаларды негiзге алды. Әлемнiң бiраз елiн қамтитын үлкен саммитке дайындық түрiнде өттi.

«ИСЛАМ: АДАМ ЖӘНЕ

ҚОҒАМ ДIНI»

Шет тiлдер және iскерлiк карьера универ­ситетiнде өткен халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция осылай аталды

Әлемдiк деңгейде өткен басқосуда «Қазақ­стандағы дiни тәлiм-тәрбиенiң сапасы және проблемалары», «Адам дiнi ретiндегi Ислам», «Ислам – қоғам дiнi», «Ислам және ғылым-бiлiм», «Ислам және дiни-философиялық ағымдар», «ХХI ғасырдың жоғарылаған құндылығы ретiндегi Ислам», «Исламның әлеуметтiк және экономи­калық дамудағы орны» деген тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Осы оты­рыстарда Мұғла университетiнiң (Түркия), ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Мемлекет тарихы институтының (Қазақстан), Қырғыз экономика университетiнiң (Қырғызстан), Каир университетiнiң (Мысыр), Ресей Ғылым ака­демиясының (Ресей) дiнтанушы ғалымдары «Ис­лам­ның адам құқығын сақтаудағы рөлi», «Ұлт­шыл­дық қасиет және тiл», «Қырғызстандағы қар­жылан­дырудың исламдық принциптерi: проб­лемалары және болашағы», «Ислам және қоғам­дағы тiлдiк өзгерiстер», «Зайырлы мемле­кеттегi дiн түсiнiгi», «Қазақстандағы дiни ағым­дардың кейбiр мәселелерi», «Исламдағы бала тәрбиесiндегi отбасының рөлi», «Ислам дiнiнiң қазақ салт-дәс­түрiндегi көрiнiсi», «Ислам дiнiндегi керi ағымдар», «Исматуллашылардың өз iлiмдерiне тарту әдiстерi мен тактикасы», «Ваххабизм», «Секталар туралы исламның көзқарасы», тағы да басқа тақырып­тарда  баяндамалар жасалды.

Халықаралық конференция жұмысы 5 сек­цияға топтастырылды. Әр секцияда дiн мен мәде­ниетке және қоғамға қатысты баяндамалар жаса­лып, талқылаулар орын алды. Әлемдi алаңдатып, тiптi қауiп төндiрiп отырған секталар мен ағымдар жөнiнде ой-пiкiрлер ортаға салынды. Конфе­ренция жұмысы екi күнге созылды. Оның жұмы­сына Қазақстанның танымал ғалымдары мен дiнбасылары, Түркия, Мысыр, Ресей, Қырғызстан, Сауд Арабиясы мемлекеттерiнен 30-ға тарта белгiлi ғалымдар және саясаткерлер қатысты.

Қазақстандағы алғашқы «Қор университетi» болып табылатын  Шет тiлдер және iскерлiк карьера универ­ситетi  өзiнiң оқу-ағарту қызметiн 5 факультет, 6 бөлiм, 2 институт (Күлтегiн ғылы­ми-зерттеу институты), 1 кол­ледж (Алматы қазақ-түрiк гуманитарлық-техникалық колледж) және 2 орталық ( Деректердi өңдеу және сынақ орталығы, Тiл үйрету орталығы) арқылы жүргiзiледi. Шет тiлдер және iскерлiк карьера университетi  НАТО және 4 Шет  ел туризм қоғамымен бiрге «Ынты­мақтастық хаттамасы» негiзiнде Түркия, Англия, Ирландия, Ресей, Қытай, Әзiрбайжан, Қырғыз­стан және Бельгияның, барлығы 33 универси­тетпен жыл сайын бiрқатар халықаралық ғылыми және мәдени iс-шараларды жүзеге асырып отыр.

Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конферен­ция қонақтары секциялар жұмысы аяқталған соң  Шет тiлдер және iскерлiк карьера университетiмен танысты, әсем ән мен тәттi күйден тұратын үлкен концерттi тамашалады, ару Алматыны аралады.

Халықаралық конференцияда жасалған баянда­маларды арнайы кiтап етiп шығаруға шешiм қабыл­данды.

«ҒАСЫР САНАСЫ:

ОНТОЛОГИЯ,

ДIН, МӘДЕНИЕТ»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi осындай тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өткiздi

Бұл шараны философия ғылымдарының докторы, профессор Мұқанмадияр Серiкбекұлы Орынбековтың 65 жылдығына арнады.

Мұқанмадияр Орынбековтың ғылыми зерт­теулерi қазақ философиялық ойының қалыптасуы мен дамуы­ның тарихи-әлеуметтiк және дiни-рухани алғы­шарт­тарын анықтауға бағытталған. Қазақ филосо­фиясының мәнi мен мазмұнын өткен ғасырлардың мұраларын, этно­мәдени дәстүрлер мен дiни нанымдарды, дүние­танымдық ұстанымдарды талдай отырып айқын­дайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетiнiң философия және ғылым методологиясы кафедрасын басқарған жылдары «Дiнтану» маман­дығының ашыл­уына және дiнтану бiлiмiнiң қалып­тасуына зор ықпал еттi. Аталған мамандық бойынша бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарын, типтiк бағдарлама­ларын, бакалавриат, магистратура бөлiм­дерiнiң оқу-әдiстемелiк әдебиеттерiн дайындауға жетекшiлiк жасады.

Мұқанмадияр Орынбековтың дәрiстерi студенттер мен магистранттар тарапынан әрқашан үлкен қызығушылық тудыратын және ғылыми-теориялық тереңдiгiмен, пәндiк мазмұндылығымен, тiл байлығымен ерекшеленетiн. Ол ұзақ жылдар бойы ҚР ҰҒА-ның Философия және саясаттану инс­титутының қазақ философиясы бөлiмiн басқарды, диссертациялық кеңес мүшесi болды. Көптеген ғылым кандидаттары мен докторларын дайындап, елiмiздiң ғылыми потенциалын арттыруға үлкен үлес қосты.

Конференцияда қазiргi заманғы онтология, мәдениет, дiн мәселелерiнiң, әлеуметтiк-мәдени, дiни-рухани құбылыстар мен үдерiстердiң дамуын айқындауға арналған баяндамалар жасалды. Дәстүрлi дiни құндылықтар мен Қазақстан халқының рухани бiрлiгi, болмысы, ХХI ғасырдағы әлем бейнесi, мәдениетi, ғасыр санасы және қазiргi замандағы мұсылман философиясы төңiрегiнде қызу әңгiме болды.

Форум жұмысына Қазақстан және ТМД елдерiнiң философия, мәдениеттану және дiнтану саласындағы жетекшi мамандар қатысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *