ДҮНИЕГЕ БIР МЕЗГIЛ БАЛА КӨЗIМЕН ҚАРАСАҚ

ТӘРБИЕ ДЕГЕН БIР ТӘҢIР

11Бiз балаға, оның төңiрегiне деген көзқарасымен сана­суға, олардың әңгiмесiн тыңдауға тым құлықсыз екенiмiздi өз басым әлеуметтiк салаға жұмысқа орналасқан күн­нен бастап сезiне бастағандай­мын. Негiзгi мiндетiмiз мүмкiндiгi шектеулi балаларды үйде оқы­тып, тәрбиелеу болғандық­тан, тәрбиеге, адам психологиясына байланысты әдебиеттердi көбi­рек оқуға тура келедi. Әде­биет­тердi оқыған сайын, мен өз бойымыздағы баланың жандү­ниесiне үңiлетiн қасиетiмiздiң жоқтығына көз жеткiзе отырып, ата-аналар, балабақшалардағы тәрбиешiлер, әлеуметтiк қызмет­кер­лер осы енжарлықтан арылса деген мақсатпен «Әлемге балалар көзiмен» қарасақ деген мақсатпен осы мақаланы оқырмандар наза­рына ұсынғанды жөн көрдiм. Мұның, әсiресе, үйiнде мүгедек балалары бар ата-аналарға пай­дасы тиер деген ойдамын.

 

«Мен бес жастамын және басқа ба­ла­ларға ұқсай бермейтiн өзгеше баламын. Мұны мен ата-аналарым менiң көзiме тынышсыздана қарап және өздерiнше абыржи сөйлесiп, өзара талқылағанда­рынан кейiн барып сезiне бастадым. Мiне, сол кезде барып алғаш рет тәртiбiмнiң неге өзгешелене бастаған себептерiн бiлгiм келдi. Осы күнге дейiн олар менiң бойымда пайда бола бастаған қасиеттер мен ерекше жаңа өзгерiстердi байқай бермейдi, ал менiң бұл өзгерiстерiмдi ата-анамнан басқа адамдар­дың байқайтынына өкiнемiн.

Мен бала кезiмнен-ақ кiтапты жақсы көрдiм, қай сөзден кейiн қай беттi ауысты­ру керек екендiгiн жатқа бiлдiм. Анам маған кiтап оқығанда парақтарын ертерек немесе кештете ашып қойса, мен қатты қарсылық көрсететiнмiн, кейде айқайлап та жiберетiнмiн. Барлығы менiң еске сақтау қабiлетiмде болатын. Не көрсем де, не естi­сем де, әсiресе, ол мен үшiн ерекше қызық­ты болғанда, бiрiн қалдырмай есiме сақтап қалатынмын. Мұнда бiрқатар ыңғайсыз­дық­тар да бар, өйткенi, мен тек өзiме қа­жеттi нәрселердi ғана есiме сақтап қалуға тырысатынмын. Бiрақ, менiң есiмде менi қор­шаған ортаның барлығы да ерiксiз сақта­лып қалады. Мұның барлығы  ата-аналарым мен басқа да адамдардың менi ештеңе естiмейдi, кейбiр заттарды тiптi көрмейдi деген жорамалдарды жоққа шы­ға­рады. Мен ұнамайтын, қызықтыр­майтын дүниеге көңiл аударғым келмейдi, маған ең қызығы – өзiммен-өзiм жеке қа­лып, өзiме әуестi iстермен айналысу. Осын­дай себептерден мен балабақшаға бармай­мын. Әкем мен анам менi басқа адамдар­ды, кейбiр заттарды көрмейдi, көп нәрсенi естiмейдi деп санағандықтан, балабақшада болу маған қауiптi деп санайды.

Оның ерекше бiр себебi, шын мәнiнде мен жаңа орыннан және әртүрлi жағдай­лардан қауiптенемiн. Мен өзiм үшiн қалып­тасқан, өзiме таныс және алдын-ала жағ­дайды бiлетiн ереже бойынша жайлы өмiр сүргiм келедi. Балабақшада маған өте қиын болар едi. Өйткенi, мен үшiн ол жерде күн сайын әдет-ғұрыптар мен жазылып, бекiтiлiп қойылған ережелерге сай iс-қи­мылдарды сақтау қиынырақ. Тәрбиешi маған киiмдi өзiм үйренген қажеттi ретiмен кигiзбесе немесе маған таныс емес тамақ­ты беретiн болса, маған өте қорқынышты көрiнiп, мен айқайлап, шу шығарып, ашу­ла­намын. Сондықтан да балабақшада менi тәрбиешiлер түсiнбейдi деп уайымдап, менi онда жiбермейдi. Есесiне, үйде болғанда өзiм жақсы көретiн жануарларды, әсiресе, жабайы жануарларды зерделеп, жақсы тануыма көп уақытым бар. Өзiмше әрiп­тердi үйренiп, пластилиннен түрлi тұлғалар­ды салып, ағылшын тiлiнде әндердi, тақ­пақ­тарды тыңдауға толық мүмкiндiгiм бар. Мен үнемi өлең айтамын, бiр кездерi естi­ген осы әндерiмнiң көмегiмен өз көңiл-күйiм­дi бiлдiремiн. Осы әндердi немесе өлең­дердi керек кезiнде пайдалануыма ақы­лымның қалай жеткенiне кейде жұрт таңқалады. Шын мәнiнде мен олар ойла­ғаннан да көп түсiнемiн, ойланамын және төңiрегiмдегiлердiң жандүниесiн жақсы сезiнемiн. Мен өзiмнiң әкемдi де, анамды да өте жақсы көремiн. Бiрақ, мен олармен көп уақытымды бiрге өткiзгiм келмейдi, өйткенi, олар менi менiң ұнатып айналы­сатын мәселелерiмнен алшақтатып тастай­ды. Ал мен барлық уақытымды айналы­сатын сүйiктi iстерiме арнағым келедi.

Сондықтан да менi ұйықтауға жатқы­зар кезде мен бұлқан-талқан болып ашу­ланамын, айқайлап, шатақ шығарамын. Әкем мен анам аң-таң болады. Ал бұл менiң ата-анамның менiмен санаса бер­мейтiн өзiмшiл мiнездерiне бiлдiрген қар­сылығым едi. Мұндайда мен айтқым келген әнiмдi, айтайын деген сөзiмдi жеткiзе алмай қиналып қаламын. Ал қатты айқайлап, шың­ғырған кезде ұмытқан нәрсемнiң барлығы ойыма орала кетедi. Әке-шешем менi түсiнудi үйренуiн қатты қалаймын. Бiрақ, олар менi түсiнбейдi, содан барып мен айқайға көшемiн, ал олар болса, менi сабырға шақыру үшiн басқа әдiстерге кө­шедi. Бұл қылықтары менi одан әрi ашулан­дыра түседi. Қорытындысында олар басқа бөлмеге кетедi. Ал, менi олардың түсiнбегендiктерi одан бетер жабырқатады. Тынышталуым үшiн өзiмнiң әдiстерiм бар. Ұзақ уақыт айналып-айналып, болмайтын нәрселермен ұзақ уақыт бiрқалыпты дыбысты тықылдатып шығарамын. Бiр қызығы, неге менiң әке-шешем ашуланған кезде осылай жасамайды деген ой келедi. Ал, бұл маған өте көмектеседi.

Кей кездерi мен бейтаныс адамдардың қа­сында болғым келедi. Өйткенi, олар кейде менi ата-анамнан да жақсы түсiне алады. Бұдан кейiн жайсыздық пайда болып, қайткенде де оның орнын толтыру керек болады. Сондай кезде мен алақанда­рымды соғып немесе бар денеммен басқа адамның денесiн, болмаса басқа бiр заттың денесiне соғылып, өз денеммен байланысты орнатамын. Менiң әке-шешем мұны түсiнгiсi келмейдi. Түсiнбеген уақытта олар басқа бiреулерге, «психолог» дейтiндерге барып, ақыл-кеңес сұрайды. Осындай бiр ғана «ақылды» адамның көмегiмен әке-шешем маған байсалды қарай бастайды. Осы кiсiнiң арқасында неге маған ерекше мән бергенiн мен де олардың әңгiмесiн естi­ген соң барып, олардың сыбырларының аста­рында не жатқандығын бiрден түсiне­мiн. Олар әлгi кiсiнiң сөзiне үнемi үлкен мән бередi. Бұл қандай да бiр диагноз. Бұл диагноздың медицинаға, ауруға немесе бұзылуға қатысы барын мен бiлемiн, яғни, олар менi ауру деп санайды. Менiң жағ­дайымды олардың осылай қабылдайтын­дығы менi қынжылтады. Сондықтан да бiздерге, ерекше адамдар мен балаларға жандары ашып, аяушылықпен қарамай, түсiнiстiкпен қарағандары қажет.

Мұның барлығы маған қатты тиедi, сондықтан мен барлық адамзатқа «Адам­дар, менiң көзiме сүйiнiшпен қараңдаршы, мен қандай болсам, сол қалпымда қабыл­даңдаршы және маған сендердiң ортала­рыңда тең болып, қатар өмiр сүруiме кө­мек­тесiңдершi!» деген маңызды сөздердi айтқым келедi».

…Бұл — бiз мүгедек деп мүсiркеп жүрген баланың жан сыры. Шынында, балаларға, әсiресе, денсаулығында кiнәраты бар ба­лаларға деген көзқарасымызды өзгертсек, олардың да өз әлемi барын ұмытпасақ дегiм келедi.

Ш. ДОСАНОВА,

Медеу аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтiк

 бағдарламалар бөлiмiнiң

мүмкiндiгi шектеулi

балаларға үйде арнайы

әлеуметтiк қызмет көрсететiн

2-бөлiмшесiнiң әлеуметтiк қызметкерi.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *