Дүңгіршектерді сүру шілдеге дейін жалғасады

Әсел ДАҒЖАН

 

Шаһар көшелерінде  заңсыз орнатылған 1632 дүңгіршек бары анықталған. Олардың 1510-і толығымен бұзылса, 17 дүңгіршекті алып тастау жұмысы 1 шілдеге дейін аяқталмақ. Ал сауда орталықтары мен базарлардың аумақтарында орналасқан қалған 105 нысанның иелерімен дүңгір­шектерді жаңарту немесе алып тастау бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Қиқы­мов­пен өткен брифингте белгілі болды.

Дүңгіршектерді бұзбас бұрын қаладағы аудандық әкімдіктер дүңгіршек иелерімен олардың әрекетінің заңсыздығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Себебі, аталған стационарлық емес сауда нысан­да­рының құқығын белгілейтін құжаттары болмаған әрі қаланы көріктендіру қағида­ларына, өрт сөндіру, санитарлық-эпиде­миологиялық және қауіпсіздік талапта­рына сай келмеген.

Дегенмен, заңды түрде орнатылған дүңгіршектер де жоқ емес. Алайда, олардың жалға алу мерзімінің өтуіне байланысты сүрілген. Жалпы алғанда, қала көшеле­ріндегі 386 дүң­гіршек заңды түрде жұмыс істеген. Өткен жылы олардың 264-і алынып тасталса, қал­ған 122 нысанның 44 дүңгір­шегінің жалға алу мерзімі жыл соңына дейін белгі­ленген. Ал 71 дүңгір­шектің мерзімі 2019–2025 жылдары аяқталса, 7 дүңгіршек жеке аумақтарда орналасқан.

Стационарлы емес сауда нысандарын «көлеңкеден» шығарудың маңызы мен атал­ған басқарманың өткен жылғы жұмы­сын қоры­тын­дылаған басқарма басшысы кәсіпкер­ліктен түскен пайда мен жаңадан ашылған жұ­мыс орындары жайлы да есеп берді.

Бүгінде Алматыда 240 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Өткен жылы олардың саны 5,7%-ға көбейіп, 170 мың адамды құраған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close