ДҰҒА – МҰСЫЛМАННЫҢ ҚОРҒАНЫ

Ақ жаулықты аналар Бас мүфтиге батасын берді

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Астанадағы ғимаратында елордалық бір топ әжелер Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен жүздесті.

Жаңа кеңсеге құтты болсын айта келген апалар дәстүрден жаңылмай әуелі шашу шашты. Бас мүфтиге батасын берді, алғыс-тілектерін жаудырды, ізгі ниеттерін жеткізді.

– Айналайын, мүфти-хазрет, қазақта «Баласы атқа қонса, анасы тақымын қысып отырады» деген сөз бар. Біз сіздің берекелі бастамаларыңызды қолдаймыз. Дәстүрді жаңғыртып жатырсыз. Тіпті, халықаралық кездесулерде отырған сәтіңізді теледидардан көріп, алдымыздағы шайымызды ұрттай алмай, сіздің мәртебеңізді Құдайдан тілеп отырамыз. Дініміз өзіңіз секілді білімді азаматтардың жұмысы арқылы өркендейді. Сізге және ұжымыңызға әрқашан Алла жар болсын», – деп дұға етті Аққағаз апа Нұрғалиева.

Бас мүфти де жылы лебізін білдіріп, дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы пікірлерімен бөлісті.

– Ананың баласы үшін жасаған ақ тілегі әрқашан қабыл. Бізге дұға жасап жүрсеңіздер жеткілікті. Дұға – мұсылманның қорғаны, – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

www.muftyat.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *