COVID-19-дан жазылған соңғы науқас шығарылды

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан COVID-19-дан жазылған соңғы науқас шығарылды.

«Кеше біз екіжақты пневмониямен ауырып түскен соңғы пациентті шығардық. Науқастың жағдайы жақсы және оның біздің дәрігерлерге деген алғысы шексіз. Енді орталықтың кардиохирургиялық бөлімшесіндегі жоспарлы емдеуге жатқызу жұмысының қайта жандануына байланысты жұқпаулы ауру-провизорлық бөлімшені жауып тастадық», – дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.
Естеріңізге сала кетейік, пандемияға байланысты аталған орталықта шілде айынан бастап ЖРВИ немесе Covid-19 белгілері бар пациенттер үшін жұқпалы ауру-провизорлық бөлімшесі (25-сі провизорлық және жұқпалы ауруға арналған 5 төсек) ашылған болатын.
Бөлімшеде осы уақыт аралығында 118 науқас емделген, 48 әйел босанып, оның 20-на кесарь тілігі жасалған.
Қуанышқа қарай, науқастар арасында коронавирустан өлім дерегі тіркелген болған жоқ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *