«ЧЕЛСИДІҢ» БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ ҮШІН СТАДИОННАН АРНАЙЫ ТЕМЕКІ ТАРТАТЫН БӨЛМЕ САЛЫНБАҚШЫ

Керек дерек

Елімізде 63 құс фабрикасы бар. Алдағы 10 жыл бедерінде құс етін өндіру 740 мың тоннаға, жұмыртқа 7 млрд. тоннаға жетпекші.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында Елордаға 35370 адам көшіп келіпті, ал керісінше көшіп кеткендердің саны – 30981. Былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда Астанаға қоныс аударғандардың саны 49,5 пайызға азайған. Ал қаладан көшкендердің саны 37,5 пайызға қысқарған.

АҚШ-та 25 адам алаяқтықпен автокөлік сатумен айналысты деп айыпталып отыр. Оның ішінде үш жерлесіміз де бар екен.

Биылғы жылдың алғашқы жартысында елімізде 184 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкер­шілікке тартылған. Олардың ең басты кемшілігі қарамағындағылармен, тұрғындармен дөрекі сөйлесіп, автокөлікті мас күйінде жүргізген.

Алматы облысының Жаңалық ауылындағы құбырлардан адам қаңқалары табылды. Арнайы зерттеу жүргізушілердің айтуынша, бұл жерде 37-де атылған белгілі тұлғалардың, Алаш арыстарының сүйегі жатуы мүмкін. Белгілі тарихшы, қоғам қай­рат­кері Б.Қойшыбаев сүйектерге ДНК жасауы керек. Өйткені, олардың бүгінгі көзі тірі ұрпақтары бар. Солар арқылы ДНК-мен салыстырып, анық­тауға да болады деген пікір айтады.

Маңғыстау облысында құны 60 млн. доллар бола­тын тағы бір жел электр стансасы салынады.

Түркістан облысы өңірінде 270 автобусқа электронды билет жүйесі енгізіледі.

Филиппин президенті елдегі қымбат көліктер мен мотоциклдерді талқандауға пәрмен берді.

Ақмола облысында кен орнында болған қақтығыстан бір адам қайтыс болды.

Африкада ресейлік үш журналисті өлтіріп кетті.

Түркістан облысында ауыл жастары бес балалы анаға тегін үй салып жатыр.

2018 жылғы Минскіде өтетін «Евровидениеге» Қазақстан балалары да қатысады. Қазақстан оған бұл байқаудың 15 жылдық тарихында тұңғыш қатысқалы отыр.

Франция мектептерінде қалталы телефондарды пайдаланудан бас тартып жатыр.

Армян коньягінің 80 пайызы Ресейге экспортқа шығарылады.

Түркістан облысының индустриалдық аймағы 300 гектарға кеңейтіледі.

«Челсидің» бас жаттықтырушысы үшін стадионнан арнайы темекі тартатын бөлме салынбақшы.

Алакөлде туристер қабылдау рекордтық деңгейге жетті. Бір күнде жағалауда 18 мың адам демалады. Бұл маусымда туристер санын 600 мыңға жеткізу жоспарланған.

Жыл соңына дейін «Алматы–Қорғас» жолы ақылы болады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *