Charlie Hebdo тілшілерін өлтірген қылмыскерлер Францияның солтүстігінен табылды

3396Charlie Hebdo журналының редакциясына шабуыл жасаған ағайынды Шериф және Саид Куаши Францияның солтүстігінен анықталды. Жергілікті басылымдардың мәліметтеріне сүйенсек, қылмыскерлер суық қарумен қаруланған, деп хабарлайды Bnews.kz.

Қылмыскерлер көлікке бензин құйып жатқанда оларды жанармай бекетінің қызметкері танып қойған. Мұның алдында Францияның Ішкі істер министрі Бернар Казнев лаңкестік актіге қатысы бар деген күдікпен 7 адамды ұстаған болатын.

Ал негізгі күдікті ағайынды Куаши әлі күнге бостандықта жүр. Le Figaro газеті таратқан ақпаратқа сүйенсек, тұтқындалған 7 азаматтың арасында Шериф Куашидің әпкесі мен оның күйеуі және Саид Куашидің жолдасы бар.

Естеріңізге саламыз, 7 қаңтар күні Париждің орталығындағы Charlie Hebdo сатиралық баспа үйінің кеңсесіне басып кірген лаңкестер «Аллаһу Акбар«-лап, 12 адамды қырып салған болатын. Бұған себеп – редакция қызметкерлерінің Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жасап, мұсылмандарды келемеждеуі еді.

Ақшам-ақпарат

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *