Бюджеттік заңнамаға қатысты тəртіп

Бюджеттік заңнаманы бұзумен байланысты даулардың кейбір ерекшеліктері және бюджеттік заңнаманың аясында жасақталған келісім шарттардың орындалу тәртібі.

Бюджеттік қарым қатыныстан туындаған дауларды шешекен кезде міндеттті түрде бюджеттік кодексте көрсетілген ерекшеліктер әрқашан да ескертілуге тиісті және де бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы ұғымдарының айқындамалары Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасы салалары ұғымдарының айқындамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ұғымдары пайдаланылуға жататындығын ескерген жөн.
ҚР Бюджет Кодексінің 96 бабының 4 бабында, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде олар міндетті түрде тіркелгеннен кейін ғана күшіне енеді, азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеу мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi, Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркелуге жатады деп көрсетіген.
Бюджеттік кодестің осы нормасында көрсетілен негізгі талаптар, яғни мемелекеттік сатып алу туралы келісім шарт қаржыландыру жоспарында көрсетілген сомалар мен мерзім шегінде жасақталып, арнайы мемелекттік уәкілетті органда міндетті түрде тіркелгеннен кейін ғана заңды күшіне еніп орындалуға жататындығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында да ерекше аталып көрсетілен.
Бұл шарт орныдалмаған жағдайда келісім шарт заңды күшіне енбейді және орындалуға жатпайды, себебі мемлекеттік сатыпалулар туралы заңнаманың жалпы ережесі болып табылатын мемлекеттік ақшалай қаржыны оңтайлы және нәтижелі жұмсау, потенциалды жеткізушіге мемлекеттік сатып алу үдерісінде қатысу үшін тең дәрежеде мүмкіндік беру, мемлекеттік сатып алулар үдерісінің жариялылығы және айқындығы туралы принциптердің бұзылуына жол берілуі мүмкін.
Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама мен бюджет заңнамасының талаптары бойынша, тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша ақшалай қаржыны бөлуге бекітілген тәртіпте рұқсат берілмеген сомаларға тауарлардың жұмысын төлеу міндетін өзіне алуға жол берілмейді. Алынатын тауар, қызметтердің көлемін көбейтуге қатысты мұндай келісімшартта көрсетілген тауар бірлігінің бағасының өзгермеуі қажетті шарт болып табылады.
Мысалы, Алматы қаласының ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша «ҚР Қорғаныс Министрлігінің 73652- әскери бөлімі»РММ–нің Жеке Кісіпкер Б.М.Түрленбаевты мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және одан өзіне жүктелген міндеттемені уақытында орныдамағаны үшін 7780 тенге айыппұл өндіру туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалтырылған.Себебі тапсырыс беруші, яғни талапкер келісім шартты орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде талап арызды сотқа бергеннен кейін ғана тіркеуден өкізген.Сол себептен де сот, міндеттемені орындау мерзімі өтпегендіктен талап арызды қанағаттандыруға негіз жоқ деген тұжырымға келген.
Осы кодексте Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру тек қана белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылатындығына ерекше көңіл бөлінген.
Сондықтан да азаматтық келісім шарттардың заңды күшіне енуі, оған өзгерістер енгізу мүмкіндігі инветсициялық жобаның шеңберімен тікелей байлансты екендігін естен шығармаған абзал.
Бюждеттік кодексте тағы бір маңызды мәселе бюджеттік кредиттеу туралы мәселе болып табылады.
Осы кодекстің 171-бабында Бюджеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:
1)салық берешегінің болмауы;
2) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;
3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
Қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша борышты өтеуге тиісті.
Бюджеттік кредитті өтемеген, өз уақытында өтемеген жағдайда қарыз алушы және түпкі қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына және кредиттік шарт талаптарына сәйкес жауаптылықта болады.
Яғни бұл санаттағы даулар талап беру тәртібімен сот арақылы шешіледі.
Бір ескеретін жағдай- осы кодекстің 195-бабының талаптарына сай бюджеттік кредиттер бойынша кредиторлардың талаптарына талап қою мерзімі қолданылмайды.
Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға осы кодекстің 237-бабында тиым салынған, яғни келісім шарттардағы жүктелген міндеттемелер тараптармен орындалуға тиісті, ал орындалмаған жағдайда ондай даулар мүмкіндігінше келіссөздер жүргізу арқылы, олай болмаған жағдайда сотқа талап беру жолымен шешілуге жататындығы аталып өткен.
Осы жоғарыда көрсетілгендерді тұжырымдай келіп сот тәжірбиесінен мына мысалды келтіруге болады.
Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының шешімі бойынша талапкер «Кәсіпкерлікті дамыту фонды»АҚ-ның пайдасына«Альянс банк» АҚ-нан 943 500 тенге штраф, 541 569 тенге айыппұл, 44 522 тенге сот шығындары өндірілген. Сотта анықталғандай «Кәсіпкерлікті дамыту фонды»АҚ-мы Қазақстан Республикасының Үкіметінің №1085 21.11.2008 жылғы қаулысының негізінде екінші дәрежелі банктер арқылы «кіші және орташа кәсіпкерлікті дамыту» жобасына сәйкес «Альянс банк» АҚ-мен кредиттендіру келісім шарт жасақтаған. Алайда келісім шарттың орындалу кезеңінде мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жобада көрсетілмегендігі, яғни басқа мақсатта жұмсалғандығы анықталғандықтан сот келісім шарттың және бюджеттік заңнаманың талаптарының өрескел бұзылуына байланысты жауапкерден штраф пен айыппұл сомасын өндіру туралы талап арызды қанағаттандырған.
Осы санаттағы істер, көбінесе АПК –нің 13 тарауында қарастырылған оңайлатылған( жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған.
Сонымен қатар бюджеттік заңнамалардың бұзылуына байлансты дауларға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 922, 923, 951 баптарында қарастырылған қатынастардан туындаған дауларды да жатқызуға болады.
Сол сияқты АК –нің 945-бабында, ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» заңының 102 бабы 3 бөлігінде көрсетілген заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеу туралы қатынастардан туындаған азаматтық істерді осы санаттағы істердің қатарына жатқызуға болады деп санаймын.
Кодекстің осы бабында өмір мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгіленген тәртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда тиiстi төлемдер заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген ережелер бойынша оларды жәбiрленушiге төлеу үшiн капиталдандырылуы тиіс.
Ал таратылатын заңды тұлғада мүлiктiң болмауы немесе жеткiлiксiз болуы себептi төлемдердi капиталдандыруды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайларда тағайындалған сомаларды жәбiрленушiге заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен мемлекет төлейтіндігі көрсетілген.
Бұл санаттағы даулар да талап беру жолымен сотпен қаралуға жатады.
Осы жоғарыда көрсетілген мәселелерді тұжырымдай келе бюджеттік заңнаманың бұзылуымен байланысты азаматтық істерді қарау барысында нормативтік базаны дұрыс анықтап, бюджеттік заңдардың ерекшеліктеріне әрқашан назар аударып отырған жөн деп санаймын, себебі көптеген сот шешімдерінде осы мәселеге жете көңіл аударылмайтындығын сот шешімдерінде бюджеттік заңнамаларға сілтеме жасалмайтындығынан көруге болады. Бұндай жағдайлар соттың іс мән жайларын дұрыс анықтай отырып, қате шешім қабылдануына негіз болуы мүмкін.
Сонымен қатар осы санаттағы істердің қатарына барлық саладағы заңдардың негізінде мемлекеттік қаржыға байланысты туындайтын дауларды жатқызуға болады деп санаймын.

Алматы қалалық сотының
Судьясы Абилмажинова А.С.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close