Бурят атанып кеткен жауынгер қазақ болып шықты

Адамзат өзінің  тарихында  соғыссыз, жанжалсыз  әлемдік  жүйе  құруға  тырысып келеді. Десек  те, өткен ғасырдың соңғы он жылы  жойқын  ұлтаралық  соғыстармен, идеологиялық  жанжалдармен  және  бейбіт өмір  орнату  мен  ынтымақтастықтың  жаңа  түрлерін іздеумен  бетпе-бет  қалды. Мемлекет   ішінде ассиметриялық  жанжалдар 

ХХ ғасырмен  және ерте  тарихи кезеңдермен салыстырғанда  ұлтаралық  саясатта  маңызды  сипатқа  ие  болды.

Ермек  ЖҰМАХМЕТҰЛЫ                                                                                           

Егер  бұрын  жанжалдың шығу тегінің  саяси  сөздігінде  мемлекетаралық  соғыс­тар  меңзелсе, кейін  ол  күш  көрсетуге  ұласты.  Бүгінгі  идеологиялық,  отарлау,  гео­стратегиялық  және  үстемдік  қақты­ғыстардың  орнына  аймақтық  державалар  арасындағы  соғыстар  белең  алды. Ұлт­аралық  қатынастар  ұлттық  әскери  күш­пен  ғана  емес,  сонымен  қатар  қоғамдық  институттар,  азаматтар  мен  террористер  тобы  және  жеке  жүйелер   қатысатын   қиын  саяси  процестерге  ұласты.

Тәуелсіздік  жылдарында  ТМД   елдері  мен  Достастық ұйымына   енбеген өзге  елдер  олардың  арасынан өздеріне лайықты  тиімді  серіктестерін  тауып  отырды.    Алай­да,  олардың басым  көпшілігі маза­сыз   күйде  қалып  келді. Тарихында  қару­лы  қақтығыстарға  алып  келген   жан­жалдар   Тәжікстан,     Әзербайжан,  Гру­зия,  Солтүстік  Осетия, Таулы  Қарабақ, Қырғызстан елдерінде  орын  алды.  Аталған  жанжалдардың  себебі  бірқатар  ердердің  болжамсыздық  саясаты    және    белгілі  бір жанжалдардың  катализаторына  айналды.  Жанжалдың  басты  қатері  әлеуметтік-мәдени,  әлеуметтік-эко­но­микалық  және қоғамдық  қатынастардағы  саяси  саланың  дамуында  жүрген  дағда­рыстармен  байланысты  болды  және аймақта билік  үшін  күрес пен  жаңадан  қа­лып­тасқан  элиталар  арасындағы талас­қа  ұласты. Орталық  билік  тарапынан  ай­мақ­тағы режимді ауыстыру  немесе  пост­жанжалдарды қайта  қалыптастыру үшін   үстем етуші   держава басқа  мемле­кеттер­дің бұл іске араласпауын қатты  қадаға­лады.

Сол  тұста  Солтүстік  Кавказ  айма­ғын­дағы  соғыстың  өршуіне  әлем  жұрт­шылығы  Ресейді қатты  айыптап  жатты.

Ресей билігі  жалпы  Кавказ  соғысына  Федерация  құрамындағы  өзге ұлт  өкіл­дерін көптеп  тартты.  Бірақ олар ол  саяса­тын  жасырып  келді.   Көзсіз  батыр­лық  жасаған  өзге  ұлт  өкілдерін    жасы­рын  ұстауға бекінді. Осы  мақсатпен Ресей  батыры атанған  Жантас  Жолдыновты,  Қайыркелді  Майдановты,  талдықорғандық  Ирина  Янинаны    көп  атамауға  тырысты.  Тіпті,   осетин-грузин қақтығысына  қаты­сып,  батырлық  танытқан  қандасымыз  астрахандық  Тасболат  Ибрашевтың  ұлтын  шатастырып,  оны  бурят  өкіліне жат­қызып  келді.   Оны  ұзақ уақыт Буря­тиядан шыққан сарбаз Бато Дашидор­жиевпен  шатастырып  жіберді. Шын мәнінде, ол сарбаз  ұлты  қазақ Тасболат Ибрашев еді. Жақында  ол туралы Ресей  Мемлекеттік Думасының депутаты   Алдар Дамдинов өзінің фейсбугында бар  шын­дықты  жайып  салды.

2008 жылы Ютуб  желісінде қолында  пулеметі бар сарбаздың  Грузия қарулы  күштерінің  мотопехотына   қарсы тұрған     видеосы  пайда болды.

Грузин офицерлері Ресей пулемет­шісіне оның  жолдан шығып, жол ашуын  талап  етіп,  қару  кезенеді.  Әскери  міндетін  өтеп  жүрген сарбаз  грузин  офицерлерінің  тала­бына қарсы шығады.  Мәселенің тығырыққа тірелгенін  сезген  жауынгер  қолындағы байланыс  аппаратымен өз командирлерімен  сөйлеседі. Осыдан  соң грузин жауынгерлері  колонналарын   бұрып, кері   шегінулеріне   тура келеді. Жағ­дай  дәл осылай  болмағанда  екі  тарап­тан да  орасан  зор  қырғын  болатын  еді.

Осыдан кейін шетелдік БАҚ-да  «Үш жүз қажет емес,  біреу-ақ  жеткілікті»  атты суреттеме  мақала шарлап  кетеді.  Онда Ресей  жауынгерінің жалғыз  өзі  Оңтүстік  Осетия  мен  Грузин  жауынгерлерінің   қақтығысының  алдын алғанын  және  тараптар  әскерилерінің  кейін  шегінгені   туралы  ерлікке  баланған  жанкештілік  ерлігі  әңгіме  арқауына  айналады.  Сол  тұста­ғы  қақтығыс  алаңынан  түсірілген  суреттердің төменгі  жағына  ерлігімен  таныл­ған   жауынгердің   ұлты  бурят  сар­базы  Бато Дашидоржиев деп  көрсетіледі.  Жергілікті  осетиндер  оны  «Бато  Юго–Осетинский»  деп  атап  кетеді.   Ханқалада мотоатқыштар  полкында келісім-шартпен қызмет атқарып  жүрген  жауынгер   осы эпизодтан кейін бірнеше күн өткен соң қаза  табады.   Бато Дашидоржиев туралы басқа ақпаратты іздестіру ештеңе бер­мейді. Оның туыстарын да табу мүмкін болмайды. Арада  жылдар  өткен  соң оқиғаның  нағыз кейіпкері   табылады. Ол туралы  «Аргументы  недели»  газеті  де  жазады.

Ол  жауынгер  ұлты  қазақ  Тасболат Аббатұлы   Ибрашев  болып  шығады. Астрахань  қаласының  тумасы.  Ұлты – қазақ,  руы –  Шеркеш, үйленген, екі бала­сы  бар, – дейді  оны  ұзақ  іздеп, әді­леттілікті  жария еткен Ресей  Мемлекеттік   Думасының  депутаты  Алдар Дамдинов.  Депутат осыған көз  жеткізу  үшін  арнайы   іс сапармен  бірнеше рет   Кавказда да  болады.

– Сол күні мен 70-ші мотоатқыштар полкінің құрамында Шалиде (Шешен Республикасы) болдым. Біз Грузиямен шекараға бітімгершілік күштерге көмек көрсету үшін алғы шепке шықтық. Біздің рота Гори  қаласында тұрды. Бірнеше күннен кейін блокпостқа полковник Штон­денко келді. Ол көмекшісі  арқылы   пулеметшіні және  атқышты өзіне  келуге шақырды.  Сол кезде блок-бекетте мен жалғыз пулеметші болдым. Біз  осы  жолда төртінші рет грузин жолынан шығып, грузин әскери колоннасымен  қарама-қарсы   кездестік.

Полковник олармен сөйлесіп, маған дайын  тұруға бұйрық берді.  Және қандай жағдайда да бір  қадам шегінбеуге бұйрық  берді. Сондықтан мен грузин әскерлеріне қарсы жалғыз тұрдым.  Осы сәтте Грузин колоннасы жағынан «Өткізіп жібер!», «Жолдан  тайып  тұр!»   деген  бұйрық  түсті.  Мен оларға жауап  қаттым. Олар  бұл  жерде менің не  үшін  тұрғанымды  да  білгі­сі  келді. Мен: «Отан  үшін!» –  ол маған бұйрық.   Әрине,  бойымда  қорқыныш пен  үрей  де  бар. Бір-бірімізге  қару  кезеніп, ұзақ  арбасып  тұру  қандай    қорқынышты  еді!  Мені  бір оқпен  атып  түсіретінін де  білемін.  Осыдан  екі  күн  бұрын  анаммен  сөйлесіп, оған  өзімнің  Шешенстанда жүргенімді  айтқан­мын. Грузияда  жүрге­німді әрине,  жасырып  қалуыма  тура келді. Біраз уақыттан кейін колонна,  кейін кетіп қалды», – дейді  Тасболат Ибрашев  журналис­терге  берген  сұхбатында.

Шын  мәнінде сол кезде ротада бірде-бір бурят ұлтының  жауынгері болмаған. Ибрашевпен бірге қазақтар, дағыстан­дықтар, армяндар мен орыс  жауынгерлері  қызмет еткен. Оңтүстік Осетия мен Грузия арасындағы қақтығыс кезінде грузин әскери колоннасын жалғыз  шегіндірген ресейлік сарбаз туралы  шет ел  БАҚ-да  түрлі  суреттер  жарияланған.

Тасболат Ибрашев өзінің келісім-шартын аяқтағанда,  шетелдік журналистер  «300 қажет емес, біреу-ақ  жеткілікті»  деген вирусты роликті шығарғанын сезбеді. Тасболат ондағы жансыз  бейне арқылы ештеңе дәлелдей алмады. Рас, оны іздеген  адамның өзі тапты. Ол – Бурятиядан сайланған  Мемлекеттік Дума депутаты Алдар Дамдинов еді. Оған Ибрашев бар шындықты айтып берді. Осыдан  соң депутат Тасболатпен  байланыс  орнатып,  онымен сөйлескен соң: «Тасболат шын­дықты айтады!», – деп  әлемге  жар  салды.

– Шын мәнінде, бұл оқиға менің көптеген жерлестерімізге тыныштық бер­меді: бұл жігіт шын мәнінде атақты роликте кім  еді, ол шын мәнінде сол эпизодтан кейін бірнеше күн өткен соң, шындығында  қайтыс болды ма? Мен Батоны ұзақ   іздедім,   түрлі  сұраулар  жасадым.   Бірақ ол туралы ештеңе  таба  алмадым. Ол  сарбаз  табиғатта  мүлдем болған жоқ. Қазір біз  оқиға туралы  бәрін   білеміз.   Қалай болғанда да, менің басты міндетім   ақиқат­қа жету және  ол батырды    табу болды. Мен қалауымша ол тірі   болып  шықты  және  дені  сау,  отбасы мен тамаша бала­лары бар екеніне   көзім  жетті,  қуаныш­тымын, – деп хабарлады «Аргументы    недели»   басылымына   Дума  депутаты.

Бүгінде   Алдар    Дамдинов   Тасбо­латты   Ресей  билігі  тарапынан    лайықты   марапаттауға   қол жеткізу  үшін   түрлі   басшылық  алдына  мәселе  қойып  жүр.

Мемлекеттік Думаның Бурятиядан  сай­ланған депутаты грузин арнайы жаса­ғының колоннасын жалғыз тоқтатқан осетин-грузин қақтығысының нағыз кейіп­керін тауып,  өз  қамқорлығына  алған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *