БУХГАЛТЕР журналист болып жүр. Неге?

Аз ғана УАҚЫТТАН СОҢ ОҚУ ЖЫЛЫ ДА АЯҚТАЛады. ТАЛАЙ ТҮЛЕКТІҢ КӨКЕЙЛЕРІНЕ ӨЗ АРМАНДАРЫН ТҮЙІП ЖҮРГЕНІ АНЫҚ. БӘРІНІҢ АРМАНЫ – ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУ. АЛ МАМАНДЫҚ ТАҢДАРДА ТАЛАПКЕРЛЕР НЕНІ ЕСКЕРГЕНІ ЖӨН?

Қоғамға қажетті маман иесі атану үшін ата-анаң мен жақындарыңның ақыл-кеңесіне немесе жүрегіңнің қалауына құлақ асудың маңызы қандай? Кейде осы іспеттес сұрақтар көкейімізде жауап таба алмай жатады.

Өз ісінің маманы атану екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. «Өмірде жар таң­даудан және мамандық таңдаудан қате­леспеу керек» деген сөз осыдан шықса керек. Кез-келген нәрсеге сүйіспеншілік, жүрек қалауы керек. Мамандық та соны талап етеді. Міне, соның бір дәлелі. Бірінші курс кезі. Телеарнада түсірілім сәті болатын, бәрімізді көрермен ретінде шақырды. Қуана-қуана келістік. Және сол сәтті пайдалана отырып, телеарнада жұмыс істеп жүрген журна­листке қызығып, бір-екі сұрақ қойған болатынмын. Әңгіме ара­сында ол өзінің негізгі оқыған мамандығы бухгалтер екенін айтты. Таңырқағанымды жасыра алмай: «Неге қазір дипломыңыз бойынша жұмыс істемейсіз?»,  – деп сұрадым.  Сөйтсем, есепші деген дипломы шаң басқан күйі үйдің бір бұры­шында тұрған көрінеді. Журналистика маманды­ғына балы жетпей қалып, Бухгал­тер факультетіне грант ұтып алған. Міне, бәрібір оны жүрек қалауы журналистік жолға алып келген.

Бүгінгідей жаһандану дәуірінде бәрі де қалтасын қалың ететін, беделді әрі жеңіл, таза жерде жұмыс істегенді жаны жақсы көреді. Көп ата-ана да солай ойлайды, балам қаржыгер немесе заңгер болады деп кішкентай кезінен құлағына құйып жата­ды. Бірақ өсе келе ондай балалардың мақ­саты, бойындағы дарын-қабілеті үлкен­дердің қалауына сай келмей,  салдарынан қоғамдағы өз орнын жоғалтып алып жатады.

Мен де балалық шағымнан теледидар көріп, тележүргізушілерге қатты қызығып өстім. Журналист атану мен үшін ең үлкен арман болды. Алайда, әкем менің бұл ше­шімімді құптаған  жоқ, үзілді-кесілді қарсы болды. Білсеңіз ғой, түнде ұйқымнан айы­рылдым. Себебі, ата-анама қарсы шығып, оларды ренжіткім де келмеді. Сосын оларға түсіндіруге тырысып, жур­налист болу үшін кедергілердің бәріне шыдамдылық таныт­тым. Сол шыдамдылы­ғым­ның арқасында арманымды мақсатқа айналдырып, өзімнің қолымнан келетінін дәлелдедім.

Жастар, жүрегіміз қалаған іспен айна­лысайық. Ал көңіліңмен істеген істен әрқашан береке табарың анық. Қазақстан  экономикалық-саяси тұрғыдан дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін бізге өз кәсібінің  мамандары қажет. Дәлірек айтқанда, ел болашағы жаңа ұрпақтың қолында,  ол – мына біздер!

Мунира АМИРОВА,

«Тұран» университеті Журналистика мамандығының 2-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *