ӘБУ ХАНИФАДАН ҚАШҚАН АДАМ

Бір күні жолда қарсы алдында келе жатқан бір кісі Әбу Ханифаны көре салып, бетін бұрып, бағытын өзгертпек болды. Бұны байқап қалған парасатты имам «неге мені көрген бір мұсылман бағытын өзгерту керек?» деп ойлап, бұл әрекетінен жайсызданады. Іле-шала Әбу Ханифа дереу оны қасына шақыртып:

–       Неге мені көре салып жолыңды өзгерт­пек болдың? – дегенде, әлгі кісі қысылып:

–       Мен сізден кезінде 10 000 ақша (сол кездің құны бойынша) қарыз алған едім. Қарыздың белгіленген күні өтіп кетті. Оны әлі сізге қайтара алмадым. Соны ойлап ұялғандықтан көзіңізге түспей-ақ қояйын деп едім, – дейді. Сонда Әбу Ханифа:

–       СубханАлла! Ол ақша саған деген менің сыйым болсын. Қайта саған бағы­тыңды өзгертерлік жайсыздық жасағаным үшін кешірім сұраймын, – деп жомарттық пен жоғары адамгершіліктің ерекше үлгісін көрсеткен еді.

 

www.іslam.kz.

 

Бетті дайындаған – Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *