BRT желісімен 18 метрлі автобустар шықты

. Жолаушылар ағынының артуына орай мегаполисте BRT желісі бойынша  №205 жаңа бағыт ашылды. Жуырда қала әкімі Бауыржан Байбек жаңа бағыттар бойынша қызмет көрсететін 18 метрлі автобустарды аралап көрді. Сыйымдылығы жоғары бұл қоғамдық көлік Мұстафин – Рысқұлбеков – Сүлейменов – Жандосов – Тимирязев – Желтоқсан (кері бағытта Наурызбай батыр) – Төле би көшелерін, Шығыс айналма жолын және «Жетісу» базарын қамтиды. Жаңа бағыт бойынша 30 бірлік жаңа автобус жолға шықты. Қоғамдық көліктің қозғалыс жиілігі 5 минут. Төмен еденді автобустардың сыйымдылығы 180 адамнан асады. Көлікте конди­ционер, бейнебақылау камера­лары және төрт жерде «ОҢАЙ» терминалы орнатылған.

–       Қала басшылығының қо­ғам­дық көліктегі қызмет сапа­сын арттыру туралы тапсырмасына орай бүгінде 600 жүргізуші бі­ліктілік орталығында кәсіби ше­берлік­терін жетілдіруде. Бұдан бөлек, күйзелістің алдын алу, ал­ғашқы медициналық көмек көр­сету, жолаушыларға мәде­ниет­ті қызмет көрсету бойынша тре­нинг­тер де өтуде, – деді қала әкі­мінің орынбасары Ерлан Әуке­нов.

Ал Көлік холдингінің бас­шысы Садыр Хамраевтың ай­туын­ша,  қазан айында «ОҢАЙ» картасымен құны 1,9 млрд. теңге болатын 31 миллион транзакция жасалып­ты. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *